01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 12 қыркүйек және 14 қазан аралығында «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды

287 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
дарын«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет аталымдар бойынша берiледi. Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халық­аралық және республикалық кон­курстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады. Әр жылдарда «Дарын» мем­лекеттік жастар сыйлығына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Арын Орсариев, Мейрам Бегентаев, Ғалым Ах­медьяров, Сара Тоқтамысова, Махат Садық, Ринат Кертаев, Дихан Қамзабекұлы, Досымжан Таңатаров, Айгүл Иманбаева сияқты белгілі талантты тұл­ғалар, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлы­тау» топтары ие болды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай аталымдар бойынша беріледі (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, клас­сикалық музыка, қоғамдық қызмет. Сыйлық бір уақытта бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол бе­ріл­мейді. Бiр кандидатураны бiр аталымнан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды. Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қо­ғамдық бiрлестiктер және Қазақ­­стан Республикасының заң­намасында белгіленген тәртіп­пен тіркелген өзге де заңды тұл­ғалар уәкiлеттi органға мына­дай құжаттарды: қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің же­тістіктері туралы анықтаманы қағаз және электрондық түрде жібереді. Комиссияның спектакльдердi, кино және телефильмдердi, көр­мелердi қарауын, концерттiк бағ­дарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауын, ізде­нушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйым­дарға жүктеледi. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкі­меті оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орайластырылады. Сыйлық алған адамдарға «Да­рын» мемлекеттiк жастар сый­лығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға таға­тын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттары 2016 жыл­ғы 12 қыркүйек – 14 қазан ара­­лығында Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым ми­нис­трлігінің Жастар саясаты де­партаментіне мына мекен жай бойынша қ­а­былданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Минис­трліктер үйі (11 кіреберіс), 240-каб. тел. 74-22-70, 74-22-90, daryn2016mon@mail.ru