Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудағы, оны төрткүл дүниеге танытудағы еңбегі ерекше. Ол, ең алдымен, елінің сан ғасырлық бодандық қамытынан құтқарудың бастауында тұрса, екінші жағынан, Қазақстанның мәртебесін еуразиялық және халықаралық деңгейде биік сатыға көтерді. Басқалай айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бейбітшіл бастамаларын әлемдік деңгейде орнықтыруға ұмтылып келеді. Ол халықаралық саясаттағы белсенді қимылын Семей ядролық полигонын жабудан, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартудан бастады деп толыққанды айтуға болады. Әрі қарай оның қайраткерлігі бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға ұласты.
Ядролық қарудан бас тартуы, АӨСШК құру жөніндегі бастамасы тәуелсіз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мүшесі ретінде жаһандық қауіпсіздікке қосқан алғашқы үлесі-тұғын. Осындай саяси қадамдар ядролық қауіпсіздікті нығайтуға, Азия елдері, әлем мемлекеттері арасындағы өзара сенімділікті арттыруға септігін тигізді. Аталған оқиғалар жеке бір мемлекеттің күллі әлемге қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнықтырудағы жауапкершілігінің мысалы бола алады. Қазақстан, осылайша, жаһанға Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын жетілдіруді ұсынды. Бүгінде ол мемлекет жаһандық ядролық қарусызданудың белсенді қатысушысы болып табылады.
Осындай үрдістің нәтижесінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен қатар, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы рөлі биіктей түсіп, жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыс жетекшілерінің біріне айналды. Жалпы, ресми Астананың бейбітшіл бастамалары төңірегінде жан-жақты айтуға болады.
Мәселен, 2012 жылғы 6 маусымда Бейжіңде болған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде Қазақстан елдер арасындағы жанжалдарды шеше алатын тетіктерді тоғыстырумен шұғылданды.
Әлемдегі ең ірі уран өндірушісі бола тұрып, бірнеше жыл бұрын Қазақстан МАГАТЭ бақылауымен Төмен байытылған Ядролық отын банкін құруға кірісті.
Жалпы айтқанда, Қазақстанның 1991 жылы 29 тамызда жасаған ядролық қарусыздануға бағытталған шарасы шынында да ақылды, батыл қадам болды және ол осы ұстанымын ширек ғасыр бойы жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да жалғастыра беретіні сөзсіз.
Эрманно ВИЗИНТАЙНЕР,
италиялық «Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті, түрколог

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше