02 Қыркүйек, 2016

Мемлекеттік тілді дамытуға арналған 5 сайт ашылады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
тіл фото Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мұрындық болуымен әзірленген «Tilalemi.kz», «Atau.kz», «Emle.kz», «Termincom.kz» сайттарының тұсауы кесілмек. Бұл шара Қазақстан халқы тілдерінің XYII республикалық фестиваліне орайлас, 5 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған.  "Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, мәртебесінің көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердің игілікті қолданылуына, әрбір оқырманның, қолданушының жеке парақшасы арқылы оңтайлы жұмыс жасауына жол ашуды мақсат еткен сайттар ғаламтордағы қазақ кеңістігінің құнды мұрасы болады деп күтілуде", делінген Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хабарламасында. Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, тілші ғалымдар, сала мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Нұрхан САМАРХАН