03 Қыркүйек, 2016

Сырт көз – сыншы

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қарусыздану саласындағы көшбасшы ел Роб ван РИТРоб ван РИТ, Британия Парламенті депутаттары тобының ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі ұлттық үйлестірушісі, Ядролық қаруды жою форумының директоры Қазақстан – яд­ролық қарусыз әлем құру ісі­не бағасыз үлес қосқан мемле­кет­тердің бірі. Семей ядролық сынақ полигонын жабу тарихи оқиғаға айналды. Ешбір мемлекет ешқашан мұндай әрекет жасаған емес. Біз Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның ядролық арсеналы жағынан әлемдегі 4-ші орынды иеленгенін ұмытпауымыз қажет. Мұндай қарудан бас тартып, Қазақстан барша халықаралық қоғамдастыққа үлкен үлгі көрсетті. Бүгінгі күні Қазақстан ядролық қаруды таратпау және ядролық қару­сыз­дану режімін нығайтуда көшбасшы рөл атқаруда. Бұл мемлекет Иран мен Батыс арасында Иранның ядролық бағ­дар­ламасы бойынша жүргізілген келіс­сөздерде де жетекші қырынан көрінді. Қазақстан өз аумағында МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін орналастырды. Бұл оның ядролық қа­ру­сыз әлем құруға нақты үлес қосқанының тағы бір дәлелі. Осы орайда, Қазақстанның бұл саладағы күш-жігерін ерекше атап өткен жөн. * * * kevin-mileticКевин МИЛЕТИЧ, Лондон университетінің Шығыс және Африка елдері бойынша зерттеулер мектебінің халықаралық қатынастар және дипломатия орталығы директорының орынбасары Қазақстан – яд­ролық қарусыз әлем құруда нақ­ты іс-қимыл жасап отырған аз мем­лекеттің бірі. Бұл оны барша ха­­лық­аралық қо­ғам­­дас­тыққа үлгі ретін­де көр­се­теді. Ел Пре­зи­денті Нұр­сұлтан Назар­баев жаһан­дық ядролық қауіп­сіздікті ны­ғайтуға жеке атсалысып отыр. Қазақ­стан өзінің халықаралық беделін басқа мемлекеттерді біріктіріп, жаһандық яд­ролық қарусыздану мәселесі бойынша конструктивті сұхбат құру мақсат­ында пайдалана алады. Прези­дент Н.На­зарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі бұл үдеріске негіз болады.