2015 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын
сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
Т.К. Дүйсенова ________________
2015 жылғы 14 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Б. Сұлтанов___________________
2015 жылғы «___» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрі
Е.А. Досаев ____________________
2015 жылғы 13 тамыз «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымов _________________
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В.С. Школьник ________________
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы №198 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және
ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шілдесіндегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-22) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Қағида азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді. Осы ретте азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат болып табылады.
Жеңiл авиация әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды, авиациялық жұмысты және жалпы авиациялық ұшу әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Ұшуға жарамдылық сертификаты 1 жыл мерзімге беріледі:
Жаңа әуе кемесін немесе планері күрделі жөндеуден өткізілген әуе кемесін сертификаттау кезінде, ұшуға жарамдылық сертификаты 2 жылдық мерзімге беріледі, әуе кемесі планерінің қызмет мерзімін жеке ұзарту кезінде – әуе кемесінің әзірлеушісі бекіткен мерзімге, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге.
Жалпы мақсаттағы авиация үшін авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл әуе кемесіне ұшуға жарамдылық сертификаты мерзімсіз негізде беріледі.
4. Ұшуларды орындауға қатыстырылатын әуе кемелерінде осы әуе кемесі тіркелген мемлекетпен берілген немесе танылған ұшуға жарамдылық сертификаттары бар. Қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатынсыз әуе кемесін пайдалануға рұқсат берілмейді.
5. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) арнайы ұшуды орындауға арналған рұқсат (ұшу жарамдылығының арнайы сертификаты) – әуе кемесінің ұшу сынақтарын жүргізетін немесе техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін жүргізетін орнына ұшуы үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
3) әуе кемелерінің пайдалану құжаттамасы – техникалық қызмет көрсетілуі мен жөнделуін қоса, әуе кемелерінің ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдаланушылық шектеулерді қамтитын құжаттама;
4) әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және негізгі агрегаттарының формуляры – авиациялық техниканың атқарымын (күнтiзбелiк ресурсы, сағаттық ресурсы, қонулар бойынша ресурсы) және оның техникалық жай-күйiн есепке алуға арналған негiзгi құжаттар;
5) жеңіл әуе кемесі – максималды сертификатталған ұшу массасы жеті жүз елу килограмнан артық, бірақ бес мың жеті жүз килограмнан аспайтын әуе кемелері, оның ішінде максималды сертификатталған ұшу массасы үш мың жүз сексен килограмнан кем түсетін тікұшақтар;
6) өтініш беруші – ұшуға жарамдылығы сертификатын, ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын, ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, шуыл бойынша сертификатын алу үшін уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
7) өтінім – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификат алу үшін берген жазбаша өтініші;
8) ұшуға жарамдылығы – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;
9) ұшуға жарамдылығы сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат;
10) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты – Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарылған, экспортқа арналған әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
11) ұшуға жарамдылығы директивасы – жай-күйі қауіпсіз емес болып табылатын немесе осындай жай-күй сол үлгідегі конструкцияның басқа да бұйымдарында орын алуы мүмкін, не дамуы мүмкін және қабылдануы тиіс
түзету іс-қимылдарын, не осындай бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін шарттарды немесе шектеулерді ұйғаратын, авиациялық бұйымды айқындайтын құжат.
12) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесi типі конструкциясының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн растайтын құжат;
13) шуыл бойынша сертификат – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген, азаматтық әуе кемесінің жергілікті өңірдегі шуылы бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат;
14) RNAV (Area navigation) – аймақтық навигация;
15) Cat. III (CATEGORY) – шектеулі көрінімділік жағдайы;
16) MNPS (minimum navigation performance specification) – навигациялық жабдық ерекшеліктеріне қойылатын ең төменгі талаптар.
6. Сертификаттаудың мынадай тәртібі белгіленеді:
1) өтініш беруші ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 8, 9, 15-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса береді;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруі (беруден бас тартуы).
7. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және
ұшуға жарамдылық сертификатын беру тәртібі
Параграф 1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және
ұшуға жарамдылық сертификатын беру
8. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшін осы Қағиданың 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтінім ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағиданың 2-қосымшасының нысанына сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжат;
5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);
7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;
8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;
9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;
10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;
11) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау;
12) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
13) әзірлеуші ұйым бюллетендерінің мәртебесі;
14)ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
15) орындалған түрлендірулердің мәртебесі;
16) ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндама;
17) RNAV, MNPS, Cat. III және басқалары бойынша әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілгендігін растайтын құжаттар (егер қолданылса);
18) техникалық қызмет көрсетудің ақтық нысанының орындалуын растайтын құжат.
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
9. Өтініш беруші бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген ұшуға жарамдылығы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ұзарту кезінде (ИКАО DOC 9760 5 тарауының ұшуға жарамдылығын сертификатын ұзарту 5 2 3) өтінімді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді ресімдейді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағиданың 2-қосымшасының нысанына сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;
5) әзірлеуші ұйым бюллетендерінің мәртебесі;
6) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;
7) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
10. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған немесе тапсырған құжаттары осы Ережелердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, өтінімді алу сәтінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде оларды өтініш берушіге кері қайтарады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау үшін осы Қағиданың 3-қосымшасының нысанына сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуе кемесінің нақты түріне арналған ұшуға жарамдылықты бағалау бағдарламасын қолданады.
12. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланушы құжаттамасын көрсетеді.
13. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағиданың 4-қосымшасының нысанына сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасайды.
Сертификаттық байқап тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші актқа қол қойған күннен бастап күнтүзбелік он күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін ескертулерді жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылдары жоспарын бекіткен мезеттен сертификатау мерзімінің өтуі анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады. Анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетте орган күнтізбелік он күн ішінде өтінім берушіге қоса берілген осы Қағиданың 8, 9, 15-тармақтарында көрсетілген құжаттармен өтінімді қайтарады. Бұл ретте өтінім берушіге бас тартудың себептерін көрсете отырып жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздіктер жойылған соң, өтінім беруші уәкілетті органға тексеру үшін жоспарда белгіленген тәртіпте растау құжаттарын қоса түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы анықтама ұсынады.
14. Өтініш берушінің құжаттары осы Қағиданың талаптарына сәйкес және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің негізінде уәкілетті орган ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.
Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағиданың 5-қосымшасының нысанына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті
органға өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде беріледі. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.
Параграф 2. Жеңіл әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру тәртібі
15. Жалпы мақсаттағы авиация үшін авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына алғашқы сертификат беру үшін осы Қағиданың 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағиданың 2-қосымшасының нысанына сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатталғаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағиданың 6-қосымшасының нысанына сәйкес әуе кемелерінің эксплуатанттарын біріктіретін коммерциялық емес ұйыммен берілген азаматтық әуе кемесін пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісі;
5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының немесе барабар құжаттың көшірмесі;
6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);
7) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі орналасқан жеріне дейін ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулар мен істен шыққан жерлердің тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде).
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен және мөрімен куәландырылады.
16. Жеңіл әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуларға дайындығын айқындау үшін коммерциялық емес ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әуе кемелерін байқап тексеру жөніндегі тұрақты әрекет ететін техникалық комиссияны құрады.
Техникалық комиссияның құрамына әуе кемелерін пайдалануда кем дегенде бес жылдық практикалық тәжірибесі бар білікті техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынама және басқа ұйымдарының мамандары осы ұйымдар басшыларының келісуі бойынша енгізіледі.
Пайдалану құжаттарының және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау сараптамасын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес әуе кемесінің ұщуға жарамдылығын бағалаудың үлгі бағдарламасын қолданумен техникалық комиссия жүзеге асырады.
17. Өтінім беруші әуе кемелерінің эксплуатанттарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымның техникалық комиссиясының мүшелеріне әуе кемесе мен пайдалану құжаттамасына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
18. Әуе кемелерінің эксплуатанттарын біріктіретін коммерциялық емес ұйыммен берілген әуе кемесін пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісі он екі ай ішінде жарамды.
19. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерінің эксплуатанттарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымның техникалық комиссиясымен берілген әуе кемесін пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісінің оң қорытындысы және ұсынылған құжаттар негізінде өтінім берушіге осы Қағиданың 7-қосымшасының нысанына сәйкес жеңіл әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын береді.
20. Құжаттар толық көлемде ұсынылмаса немесе ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен мезеттен жеті жұмыс күннің ішінде оларды өтінім берушіге қайтарады.
Ұшуға жарамдылық сертификаты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім келіп түскеннен он жұмыс күннен аспайтын мерзім ішінде беріледі.
21. Жалпы мақсаттағы авиация үшін авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл әуе кемесінің мерзімсіз негізде берілген ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағиданың 6-қосымшасының нысанына сәйкес коммерциялық емес ұйыммен берілетін әуе кемесін пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісі бар болған жағдайда жарамды.
22. Жеңіл әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қайта бағалауды алдынғы бағалау өткен мезеттен он екі айдан кешіктірмей коммерциялық емес ұйым жүргізеді, эксплуатант әуе кемелерінің эксплуатанттарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымға өтінімді, осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды береді.
Параграф 3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын
тоқтату және кері шақырту
23. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығының, (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік реестрде тіркелген № 12038) азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатады.
24. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатқан жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтатудың себебін көрсетеді.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тоқтатылған күннен алты ай ішінде ұшуға жарамдылық сертификаты кері шақыртылады.
25. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатылған жағдайда оның жаңартылуы эксплуатант анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
26. Ұшуға жарамдылқ сертификатының қолданысы тоқтатылған немесе кері шақыртылған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган эксплуатантқа және аэронавигациялық ақпарат қызметіне қабылданған шешім туралы дереу хабарлайды.
27. Ұшуға жарамдылқ сертификаты кері шақыртылған жағдайда эксплуатант үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұшуға жарамдылық сертификатының түпнұсқасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
Параграф 4. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын беру
28. Ұшуға жарамдылық сертификаты бүлінген, жоғалған, ұрланған жағдайда әуе кемесінің пайдаланылуы дереу тоқтатылады. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын алу үшін, өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтінішті және өтінім беруші жүргізген қызметтік тексерудің материалдарын жібереді.
29. Уәкілетті орган, өтінім берушінің барлық қажетті құжаттарды тапсырған мезеттен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде оң бұрышында «Телнұсқа» белгісі қойылған ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын бланкіде шығарып береді.
3. Қорытынды ереже
30. Арнайы ұшуды орындауға рұқсатты (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ әуе кемелері үшін мына жағдайларда береді:
1) әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу;
2) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету орнына дейін ұшуды орындау.
Ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты ұшуды орындауға қажет болатын мерзімге, бірақ сертификат берілген мезеттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге беріледі.
31. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
32. Арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу үшін, өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 8-қосымшасының нысанына сәйкес өтінім береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау және ұшып бару мүмкіндігі туралы қорытындысымен қоса ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;
2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келмеуі және пайдалану шектеулері туралы мәліметтері бар анықтама.
33. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім берілген мезеттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде өтінім берушіге осы Қағиданың 9-қосымшасының нысанына сәйкес ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификатын ресімдейді және береді.
Өтінім беруші қате мәліметтерді ұсынса немесе құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен он жұмыс күннің ішінде жазбаша түрде арнайы ұшуды орындауға рұқсатты беруден бас тартады немесе осыдан бұрын берілген рұқсаттың күшін жояды.
34. Ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарғаннан кейін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінен шығарылғандығы туралы куәлік берілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді. Ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификаты бір ай мерзіміне беріледі.
35. Ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын алу үшін өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды қоса беріп осы Қағиданың 10-қосымшасының нысанына сәйкес өтінімді ұсынады:
1) әуе кемесін тіркеу туралы куәлік түпнұсқасы.
2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқасы.
3) шу бойынша сертификат түпнұсқасы.
4) радиотарату аппаратурасына рұқсаттың түпнұсқасы.
36. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім берілген мезеттен бастап күнтізбелік он күннің ішінде өтінім берушіге осы Қағиданың 11-қосымшасының нысанына сәйкес ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын рәсімдейді және өтінім берушіге береді.
Өтінім беруші қате мәліметтерді ұсынса немесе құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен он жұмыс күннің ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып жазбаша түрде ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын беруден бас тартады.
37. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес әуе кемесінің шуыл жөніндегі сертификаты болуы тиіс.
Шуыл жөніндегі сертификаты осы қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына қосымша болып табылады.
Өтініш беруші шуыл жөніндегі сертификатты алу үшін осы қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші дұрыс мәліметтер ұсынбаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жазбаша түрде бас тарту себептері көрсетілген шуыл жөніндегі сертификат беруден бас тартады.
38. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетел мемлекеті берген шу бойынша сертификаттарды таниды.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру бұйрығына 1-қосымша
Нысан
ӨТІНІШ
1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «___» ________ № _____ болып енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі ________________________________________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты ____________________________________________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі __________________________________________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _______________________________________________________________________
Дайындаушының атауы ___________________________________________________________________________
Дайындаушы мемлекет ___________________________________________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берілген күні ______
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы _____________________________________________________________________________________
Телефон: __________________ Факс: ___________________________________
Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса) ______________________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Заңды тұлғаның толық атауы ______________________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны _______________
_______________________________________________________________________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жері _________________________________________________________________
4.ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы ___________________________________________________________________
5. Әуе кемесінің ұшуы _________________________________________ - пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағат ______ қонуы _______ жыл - соңғы жөндеуден кейін: __________ сағат ________ қонуы _________ жыл
6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл
7. Салмағы, кг _______________.Орталықтау, % САХ _____________
8. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат: ___
9. Әуе кемесі ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.
10. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректері.
11. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша деректер.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру бұйрығына 2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Пайдаланушының бірінші басшысы
____________________________________________
(қолы, Тегі Аты Әкесінің аты) 20__ ж. «__»_________.
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау АКТІСІ
Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға _________________________________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты)
Комиссия мүшелері _____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты)
200__ ж. «___» __________________________ техникалық тексеру жүргізді (әуе кемесінің үлгісі және мақсаты) мемлекеттік және тіркеу белгілері _______________ сериялық (зауыттық) нөмірі _______________________________
1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК-нің зауыттан шығарылған күні
Белгіленген ресурс _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Пайдалану басталғаннан бері ұшуы _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Жөндеу саны _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Соңғы жөндеу жүргізілген күн мен орын, АЖЗ _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
Жөндеуаралық ресурс _____ ____ ____
сағат қонуы жыл
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз ________________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз ______________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері туралы мәліметтер: __________
Қозғалтқыш/әуе винті Үлгісі 1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО
Зауыттық нөмірі
Пайдаланудан бері жұмысы (сағат)
Соңғы жөндеу күні
Соңғы жөндеуден кейінгі жұмысы
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы (сағат)
Жөндеулер саны
5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған, (ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны) ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________ (күні)
6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________
7.Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____
8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы үлгідегі әуе кемесінің барлық пысықтаулары орындалды; бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері жоқ.
9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________
10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _________________
Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты)
М.О.
11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға) Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы бар және ол пайдалануға жарамсыз».
Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты)
М.О.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалаудың
ҮЛГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы мәліметтер
Әуе кемесі: борттық № _______________________________ сериялық нөмірі _____________________________
Ұшуға жарамдылық сертификаты ________________________________________________________________
(кім берген, қолданылу мерзімі)
ӘК пайдаланушы/өтініш беруші ___________________________________________________________________
ұйым атауы
ӘК-ті білдіретін тұлға ___________________________________________________________________________
(лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты)
Тексеру күні (к/а/ж) _____________________________________________________________________________
Тексерушілердің Тегі Аты Әкесінің аты, лауазымы, тексеру үшін негіздеме:
_______________________________________________________________________________________________
Тексеру орны __________________________________________________________________________________
2. Планер Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қызметтің белгіленген мерзімі: жыл қызметтің жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): жыл
Белгіленген ресурс: ұшу сағаттары жөндеуаралық мерзімі (бірінші жөндеуге дейін): ұшу сағаттары
қону қону
ӘК шығарылған/пайдаланыла басталған күні (сағат/ай/жыл) соңғы жөндеу мерзімі (сағат/ай/жыл) күрделі жөндеулер саны: Атқарылған жұмысы
ПББ _________ ұшу сағаттары
қонулар
СЖК _________ ұшу сағаттары
қонулар
Соңғы мерзімді ТҚ күні (сағат/ай/жыл) ТҚ түрі: кім орындады: соңғы ұшу мерзімі (сағат/ай/жыл) мерзімді ТҚ соңғы түрінен кейінгі атқарым:
ұшу сағаттары қонулар
3. Күш құрылғысы Жалпы мәліметтер Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қозғалтқыштар 1-қозғалтқыш 2-қозғалтқыш 3-қозғалтқыш 4-қозғалтқыш ҚКҚ
Деректер
Сериялық нөмірі
Пайдалану басталған күн
Соңғы жөндеу күні
Жөндеу саны
Белгіленген ресурс с/а сағат/іріктеу/іске қосу
Жөндеуаралық ресурс с/а (1-ші жөндеуге дейін) сағат/іріктеу/іс-ке қосу
ПББ атқарылған жұмысы с/а
СЖК атқарылған жұмысы с/а
Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі
Директиваларды және ұшуға жарамдылықта ұстау жөніндегі басқа да міндетті жұмыстарды орындау (жөндеу, бюллетеньдерді, бір реттік және әуе кемесінде өнеркәсіптің жасаған жөндеулері)
4. Агрегаттар Ресурстар және қызмет ету мерзімдері (Әуе бұрандалары, Бас редуктор. Аралық редуктор. Артқы редуктор. Салмақ түсетін бұранданың төлкесі, қиғаштық автоматы)
Агрегаттар
Деректер
Сериялық нөмірі
Пайдалану басталған күн
Жөндеулер саны
Соңғы жөндеу мерзімі
Белгіленген ресурс сағат/ай
Жөндеуаралық ресурс (1-ші жөндеуге дейін)
ПББ атқарылған жұмысы сағат/ай
СЖК атқарылған жұмысы сағат/ай
Соңғы кезеңді ТҚК күні, түрі
5. Әуе кемесін қарап шығу және құжаттарды тексеру
Р/с № Тексеру бағдарламасы және тексерілетін элементтер Сәйкестікті бағалау (+/-) Сәйкессіздік позициясының нөмірі
Тексеріс күні ӘК түрі
Пайдаланушы ӘК сериялық нөмірі
1. Пайдаланушы базасындағы ӘК құжаттамасын
ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту тұрғысынан тексеру
1) Формулярлардың (паспорттардың) жай-күйі және жүргізілуі
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен ТҚК бағдарламасына сәйкес ТҚК орындалуының толықтығы және уақтылылығы. Орындалған ТҚК құжаттарының жай-күйі және жүргізілуі
3) бір мәртелік тексерулер, ADs және тиісті жазбаларды орындау
4) ресурстық жиынтық бөлшектерінің жұмыс істеген уақытын есепке алу, сериялық нөмірлерді салыстырып шығу (ішінара)
5) ӘК түрлендірулері және жөндеулері бойынша құжаттама
2. ӘК қарап шығу және әуе кемесінің құжаттамасын тексеру
2. Ұшқыштар кабинасы
Кеме құжаттамасының тізбесі: әуе кемесінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік; ұшуға жарамдылық сертификаты; әуе кемесінің шу жөніндегі сертификаты әуе кемесінің радиостанцияларына лицензия; пайдаланушы сертификатының куәландырылған көшірмесі, авиациялық жұмыстар жүргізуге куәлік немесе ұшуларды орындау құқығына куәлік (барлық қосымшалармен); ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау; ұшуды орындау жөніндегі нұсқау (4 бөлім); ең төменгі жабдықтың тізбесі; борт журналы; салмағын өлшеу мен орталықтандыру жөніндегі деректер; қаптаманың мүмкін болатын майысуы мен зақымдануы жөніндегі деректер; кейінге қалдырылған ақаулар тізімі; командир хабарларының түрлері; пайдалануға жіберу сертификаты (Certificate of Release to Service)
1) ұшқыштар кабинасындағы шыныланған фонарьдың тазалығына және зақамдану жоқ екеніне көз жеткізіңіз, желдеткіштердің (блистерлердің) оңай ашылатынынын тексеріңіз
2) аспаптардың сыртқы жай-күйінің тазалығын және зақымданудың жоқ екенін қарап шығыңыз. ЖҚС панельдерінің таңбалануын қарап шығыңыз
3) ұшқыштар кабинасындағы есіктер мен бекітетін құрылғылардың жай-күйін, жарамдылығын қараңыз. Қорғаныштың болуы
4) ұшқыштар креслоларының сыртқы жай-күйін қарап шығыңыз, жағдайды реттеу тетіктерінің жарамдылығын, иық және бел қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы мен жарамдылығын тексеріңіз
5) басқару органдарының жалпы жай-күйін тексеріңіз
6) авариялық жабдықтың – түтінге қарсы және оттегі маскаларының, авариялық балтаның болуын тексеріңіз
7) түтінге қарсы қаптың өз орнында екенін тексеріңіз
8) медициналық қобдишаның болуын, оның пломбалануы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз
9) әр пилоттың жұмыс орнынан экипаж кабинасына кіру есігінің құлпын қашықтықтан басқарудың болуын және жұмыс қабілеттілігін (екі пилотты экипажы бар ӘК үшін) тексеріңіз
10) Мыналардың болуын тексеріңіз: жаһандық позициялау жүйесі (GPS/FMS) мен дерекқордың жаңартылуы (қолданылатын жерлерде); арнайы аймақтарда (MNPS\RVSM\PBN) ұшуларды орындауға