03 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №47

455 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2016 жылғы 20 қаңтар,     Астана қаласы Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р.Беккер): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі  Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің Міндетін атқарушы _______________ Ж.ҚАСЫМБЕК 2016 жылғы 28 қаңтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 47 бұйрығымен бекітілді Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ашық деректер тізбесі р/с №    Ашық деректер жиынтығының атауы    Өзектендіру кезеңі    Ұсыну мерзімі    Дереккөздер (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы    Жауапты тұлға 1    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және оның ведомстволарына ведомстволық бағынысты комитеттердің, департаментердің және аумақтық органдардың тізбесі    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Кадр жұмысы департаменті 2    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру ұйымдарының тізбесі    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Кадр жұмысы департаменті 3    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шет мемлекеттердегі өкілдері     Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Штаб-департамент 4    Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің саны    Жарты жылда 1 рет    Жарты жылда 1 рет    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Әкімшілік полиция комитеті 5    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшірлерінің бос лауазымдары туралы мәлімет    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Кадр жұмысы департаменті 6    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті орталық аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшірлерінің бос лауазымдары туралы мәлімет    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 7    Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің тізілімі    Ай сайын    Ай сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 8    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша қызметті жүзеге асыруға аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың мемлекеттік тізілімі    Ай сайын    Ай сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 9    Авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының тізілімі    Ай сайын    Ай сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 10    Орталық және өңірлік әскери-дәрігерлік комиссиялардың атулары және мекенжайлары    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Тыл департаменті 11    Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарымен көрсетілетің мемлекеттік қызметтердін тізбесі    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полиция департаменті, Жедел-крими-налистикалық департаменті, Ақпараттық-талдау орталығы, Әкімшілік полиция комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті 12    Бұзушылықтардың түрлері бойынша Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың айыппұл мөлшері    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Әкімшілік полиция комитеті 13    Өрт сөндіру деполарының тізбесі мен олардың заңды мекенжайлары    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 14    Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпараты    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 15     Өрттер мен олардың зардаптарын ресми статистикалық есепке алу    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 16    Қазақстан Республикасы аумағының табиғи дүлей зілзалаларға тартылуы    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Төтенше жағдайлар комитеті 17    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі санаторийлерінің тізбесі (атауы, мекенжайы, байланыс деректері, қызметтер тізбесі)    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Тыл департаменті 18    Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген төлқұжаттардың, жеке куәліктердің саны    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 19    Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген уақытша төлқұжаттардың, жеке куәліктердің саны    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 20    Өңірлер бойынша тұрғылықты жерде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының саны    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 21    Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдердің және азаматтығы жоқ, уақытша болатын адамдардың саны    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порта-лының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 22    Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасында шетелдіктерге және тұрақты тұруға азаматтығы жоқ адамдарға тіркелген және берілген рұқсаттардың саны    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 23    Еңбек иммигранттарына берілген және ұзартылған рұқсаттардың саны     Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті 24    Күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лизенциялар тізілімі    Жарты жылда бір рет    Жарты жылда бір рет    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Әкімшілік полиция комитеті 25    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері    Жыл сайын    Жыл сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полициясы департаменті, Әкімшілік полиция комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті 26    Рұқсат беру іс-қимылдарын жүзеге асыру тәртібі (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалары)    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полиция-сы департаменті, Әкімшілік полиция комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті 27    Ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Өзгеріс енгізілуіне қарай    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полиция-сы департаменті, Әкімшілік полиция комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті 28    Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау тәртібіТоқсан сайын    Тоқсан сайын    Тоқсан сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы 29    Ішкі істер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептер    Жыл сайын    Жыл сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Көші-қон полиция-сы департаменті, Әкімшілік полиция комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті 30    Алынған және пайдаланылған, шетелдік мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға және (немесе) қорға ұсынылған гранттар туралы ақпарат    Жыл сайын    Жыл сайын    Ашық деректер интернет-порталының АЖО    Кадр жұмысы департаменті Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 10 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13430 болып енгізілді.