19 Ақпан, 2011

Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ

1046 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясында да­ныш­пан философ Сене­ка­ның мы­на бір нақылын тегіннен тегін келтірмесе керек: «Қай портқа бет ал­ға­нын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды». Яғни, тәуелсіз Қазақстан сол кездің өзінде өзінің қай бағытта алға басатынын, басым деген бағыт­та­рын дәл айқындады. Жыл сай­ын сол алға қойған мақсат-мұ­раттарға жету үшін жоспарлар құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Елге 120 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылды. Резервтік қор­дағы қа­ражат 60 млрд. дол­ларға жетті, біздің ел 126 шет елге өнім шы­ғаратын болды, өткен жылы ішкі жалпы өнімнің өсімі 7% құрады, орташа еңбекақы 80 мың теңгеге жетті. Халықтың әл-ауқаты жө­нін­дегі көрсеткіші 26 сатыға жо­ғарылап, Қазақ елі 110 елдің іш­ін­де 50-орынға табан тіреді. Ел­ба­сының дамыған елу елдің қа­та­рында болу ту­ралы алға қой­ған міндеті осы­лайша жүзеге ас­ты. Қазақстанда еңбекақы 5,5 есе, зейнетақы 4 есе жоға­ры­ла­ды. Бүгіндер 500 денсаулық сақ­тау нысаны салы­нып, пайда­ла­ну­ға берілді, 750 жа­ңа мектепте біз­дің болашағы­мыз – балала­ры­мыз бен немерелеріміз оқып жатыр. Мынандай да бір ғажап дерек бар. 1994 жылы елімізде әрбір адам­ға шаққанда ішкі жалпы өн­ім тек қана 700 доллардан келсе, бүгін оның мөлшері 9 мың дол­лар­ға жетіпті. Өсім – 12 есе! Мұн­дай қарқынмен дамыған жер бетінде бірде-бір тәуелсіздік ал­ған мемлекет жоқ екен. Тіпті Оң­түстік Корея, Сингапур, Малайзия да мұндай белеске жете алмапты. Тәуелсіз Қазақстанда эконо­миканың қарыштап дамып, әл­еуметтік-мәдени саладағы ға­жай­ып өзгерістердің болып жат­қанын бүгіндер бүкіл әлем біледі. Жүз қырықтай ұлт пен ұл­ыстың басын біріктіріп, бір ата­ның баласындай бауырластыр­ған Қазақ еліне кім де болса бүгіндері қызыға қарайды. Оны Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымы Саммиті ке­зінде бүкіл әлем мойындаған қайраткерлер де ағынан ақта­рыла айтты. Қазақстанның ұлт­аралық, конфессияаралық сала­да­ғы оң тәжірибесі – бүкіл әлем­ге үлгі боларлық үрдіс. Бұл енді дәлел­деуді қажет етпейтін ақ­и­қат. Мен жүр­ген жерімде, сай­лау­шы­лар­мен кездескен сәт­терде Ел­ба­сы­ның мы­на сөздерін үнемі айта жүремін: «...Қазір бой жа­­рыс­ты­ра­тын заман емес, ой жа­рыс­ты­­ратын заман. Білекті бірді жы­ғады, білімді мыңды жығады. Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Ашу емес, бәрін ақыл шешу керек. Елдің тыныштығын бұзу ұлты­мыздың болашағына балта шап­қанмен бірдей. Өз халқын сүйе­тін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды». Міне, сондықтан да болар Нұр­сұлтан Назарбаев «Қазақ­стан- 2030» Стратегиясының бір тара­уы­на Төле бидің «Бірлік жоқ жер­де – тірлік жоқ» деген сөзін эпи­граф етіп алыпты. Ал енді осы ма­қаланың тақырыбына шы­ғар­ған «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген қазақ­тың халық мақалын да біз сол тарихи құжаттан кездестірдік. Елбасы биылғы Жолдауында сол өткен күндерде жүріп өткен жолдарымызды саралады, жетістік-кемшіліктерімізді талдады және, ең бастысы, келер күннің міндеттерін нақтылап, Үкіметке, «Нұр Отан» халықтық-демокра­тиялық партиясына, барлық дең­гейдегі әкімдерге, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұй­ым­дарға нақтылы тапсырмалар берді. Солардың ең бастысы – үде­мелі индустриялық-иннова­ция­лық бағдарлама. Айта кетейік, осы өміршең бағдарламаның өт­кен жылғы қорытындылары кө­ңіл­ге қуаныш ұялатады. Осы бағ­дарламаны жүзеге асыру нә­тижесінде Қазақ елі шикізаттық республикадан нағыз индус­трия­лы елге айналғалы отыр. Оның алғашқы қадамдары қазірдің өз­інде белгілі. Енді кейбір деректерге тоқталайық. Еліміз бойынша 2010-2014 жыл­дарға арналған үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жү­зе­ге асыру шеңберінде өткен жылдың алғашқы жарты­жыл­дығында 350 млрд.теңгеден астам сомаға 72 инвестициялық жоба жүзеге асты және 12 мың тұ­рақ­ты жұмыс орны ашылды. Ек­інші жартыжылдықта 80 жоба іске қосылды. 2010 жылы бар­лығы 800 млрд. теңгеден астам сомаға 152 жоба пайдалануға берілді, 24 мыңдай жұмыс орны ашылды. Мал шаруашылығы біздің ұлт үшін қашаннан дәстүрлі сала болған. Тек соңғы кездері осы табысты салаға мән берілмеді. Төскейдегі төрт түлік азайды. Енді Елбасы алға қойған міндет мал шаруашылығын дамыта тү­суге ерекше серпін берері сөзсіз. Және мұның ауыл тіршілігін жандандыра түсуге, ауыл адам­дарын жұмыспен қамтуға, бір сөзбен айтқанда, ауыл өмірінің ажарын кіргізуге тигізер әсері де орасан болмақ. Қазақстан Парламенті па­ла­та­ларының бірлескен оты­ры­сын­да Елбасы өзінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастамашы топқа, бұл баста­ма­ны қолдап, қол қойған бес миллионнан астам отандастарға рия­сыз алғысын айтты. Конститу­циялық кеңес қабылданған құ­жаттардың заңдылығы туралы қаулы шығарғаннан кейін өз шешімін айтатынын мәлімдеді. Енді, міне, Конституциялық Кеңестің шешімі де белгілі бол­ды. Қазақстан Республика­сының тұңғыш Президенті – Елбасы­ның өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу Конституция талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Мұның алдында Президент Парламент қабылдаған Конститу­ция­ға өзгерістер туралы заңды қа­былдаудан бас тартқаны белгілі. 31 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үн­деу арнап, бірден-бір дұрыс шешім қабылдады деп білемін. Ол референдумды жақтап қол қой­ған бес миллионнан астам адам­ның шешіміне, бастамашы топ пен зиялы қауымның, Парламент депутаттарының және «Қазақ­стан-2020» демократиялық күш­тер коалициясының ұйғарымына құлақ аса отырып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өт­кізу туралы ұсыныс айтып, референдумнан бас тартты. Сөй­тіп, ол Конституцияның мызғы­мастығын сақтап қана қоймай, нағыз демократиялық принцип­тер­дің адамы екенін тағы бір рет жария етіп, дәлелдеді. Сөз соңында «Қазақ­стан- 2030» Стратегиялық бағдарлама­сына қайта айналып соққалы от­ырмын. Онда былай делінген: «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін». Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.