Рио Олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Ниджат Рахимовты атыраулықтар тағатсыздана күтті. Өйткені, бауырлас түркі елінің оғлан ұлы Қазақстан азаматтығын алған тұста алдымен осы өңірге келді. Осында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тахир Халматовтай білікті бапкерден тәлім алды. Оған өңір басшылығы «Нұрсая» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер берген еді. Сөйтіп, бұл өңір тұрғындары Ниджатты бір туған бауырындай ыстық құшағына басты.
Спорт кешенінде әлем рекордын жаңартып, Олимпиада чемпионы атанған Ниджат Рахимовке, оның әкесі мен шешесіне құрмет көрсетілді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақтың дәстүрімен Ниджаттың әкесіне – шапан, ал анасына камзол кигізді. Ниджат Рахимовтің өзіне Астана қаласынан үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты.
«Биылғы жыл Қазақстанның болашағының жарқын екенін, денсаулығы мықты, елін сүйетін ұл-қыздарымыздың барын анық көрсетті. Мемлекет мұндай жастарды әрқашан қолдай береді», – деді облыс әкімі Н.Ноғаев.
Сонымен бірге, Рио Олимпиадасына қатысқан таэквондошы Жансель Денизге 2 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше