10 Қыркүйек, 2016

Чемпионға Астанадан – үш бөлмелі пәтер

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
rakhimov-atyrauda-4Рио Олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Ниджат Рахимовты аты­раулықтар тағатсыздана күтті. Өйткені, бауырлас түркі елінің оғлан ұлы Қазақстан азаматтығын алған тұста алдымен осы өңірге келді. Осында ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері Тахир Хал­матовтай білікті бапкерден тәлім алды. Оған өңір басшылығы «Нұрсая» шағын ауданынан бір бөлмелі пәтер берген еді. Сөйтіп, бұл өңір тұрғын­дары Ниджатты бір туған бауырындай ыстық құш­а­ғына басты. Спорт кешенінде әлем рекордын жаңартып, Олим­пиада чемпионы атан­ған Ниджат Рахи­мовке, оның әкесі мен шешесіне құр­мет көр­сетілді. Атырау облы­сының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақтың дәстү­рі­мен Ниджаттың әке­сіне – шапан, ал анасына камзол кигізді. Ниджат Рахимовтің өзі­не Астана қаласынан үш бөлмелі пәтерді сый­ға тартты. «Биылғы жыл Қазақ­станның болаша­ғының жарқын екенін, денсаулығы мықты, елін сүйетін ұл-қыздары­мыздың барын анық көр­сетті. Мем­лекет мұндай жастарды әрқашан қолдай береді», – деді облыс әкімі Н.Ноғаев. Сонымен бірге, Рио Олимпиадасына қатысқан таэквондошы Жансель Де­низге 2 миллион теңгенің сер­тификаты тапсырылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ