Сыр толағайы Александр Зайчиков бүгінде туған жерін аралап жүр. Әр аудан, ауылға барған сайын халық зор құрметпен қарсы алып, үлкен қошеметпен шығарып салуда. Жеті ауданды толық аралап шықты. Елдің ықыласы ерекше.
Соңында ол Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейіне арнайы барды. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков жұртшылықпен кездесу өткізіп, сындарлы сұхбат құрды. Кездесу барысында ауыр атлет Олимпиададан алған әсерін ортаға салды. Сонымен қатар, Рио төрінде жеңіс тұғырына көтеріліп, марапат алған сәтінде киген спорттық киімін музей қорына тарту етті.
Осы шараға қатысқан студенттер, музей қызметкерлері спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері музейдің құрмет кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Қызылорда облысы әлеуметтік саласының дамуы залымен танысты.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше