Әзербайжанның астанасы – Бакуде қыркүйектің 2-сінде басталған Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 14-інде өзінің мәресіне жетті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 11 тур бойынша өткізілді. Әрбір команда сапында 4 негізгі және 1 қосалқы ойыншы өнер көрсетті.
Каисса сарбаздарының күресі қорытындысында ерлер құрамалары арасында АҚШ, Украина және Ресей шахматшылары алғашқы үш орынға орналасты. Үздік ондықтың қалған орындарын осы реттерімен Үндістан, Норвегия, Түркия, Польша, Франция, Англия және Перу командалары толықтырды. Осы додада Қазақстан жасағы 28-орынға табан тіреді. Посткеңестік елдерден біздің алдымызға Әзербайжан (12-орын), Беларусь (14), Латвия (17) және Грузия (24) түсіп кетті. Әйелдер арасындағы бәсекеде жүлделі үштікті Қытай, Польша және Украина спортшылары түзді. Ондықтың қалған орындарына Ресей, Үндістан, АҚШ, Вьетнам, Әзербайжан, Израиль және Грузия жайғасты. Біздің қыздар 37-орыннан табылды.
Жарыстың соңғы күні алтын медальдің басты үміткерлері – АҚШ және Украина ерлер құрамалары кезекті қарсыластарын жеңіп, 20 ұпайдан жинады. Бұдан кейін қосымша көрсеткіштерді сарапқа салуға тура келді. Ол Құрама Штаттар шахматшыларын бірінші орынға шығарды. Осы күні Қазақстан командасы Литваны 2,5:1,5 етіп тізе бүктірді.
Олимпиада қорытындысында жігіттер арасында филиппиндік Еугенио Торре – бірінші, канадалық Эрик Хансен – екінші, украиналық Антон Волокитин үшінші орындарға шықты. Біздің командадан Мұртаз Қажығалиев – 90-шы, Әнуар Ізмағамбетов – 92-ші, ал Азамат Өтеғалиев 107-ші болды.
Әйелдер бәсекесінде Қытай мен Ресей бетпе-бет келіп, бұлардың алдыңғылары жеңіске жетті. Сөйтіп, бас бәйгенің тағдыры шешілді. Ал ресейліктер жүлделі орынның шеңберінен шығып қалды. Қазақстан қыздары соңғы турда Беларусь командасынан 1,5:2,5 есебімен жеңіліс тапты.
Қыздар арасында грузин Нино Бациашвили – бірінші, қытайлық Жангию Тан – екінші, поляк Клаудиа Кулан үшінші орындарды еншіледі. Қазақстандықтар арасынан Шолпан Жылқайдарова (113), Жансая Әбдімәлік (137) және Гүлмира Дәулетова (146) үздік 150-ліктің шеңберінен көрінді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12