22 Ақпан, 2011

Жаһандық ақпараттық кеңістік шарттарындағы тәуелсіз Қазақстанның имиджін қалыптастыру мәселелері

3740 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Әлем және Қазақстан

Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын біздің ел соңғы жылдары қарқынды даму жолында. Бұл жетістіктер бүкіл экономикамызды қайта құ­ру нәтижесінде мүмкін бол­ды. Тәуелсіз Қазақстандағы эко­номикалық реформалармен қа­тар жүргізілген саяси реформалар да мемлекетіміздің халық­аралық аренадағы беделін жо­ғарылатты. Бүгін Қазақстан ха­лықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі ғана емес, батыс және шығыс елдерінің сенімді әріптесі. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуіріндегі саяси имиджді қа­лып­тастыру билік қатынастары жүйесіндегі өнер ретінде қарас­ты­рылады. Бұл контекске орай нақты айқындалған техноло­гия­лық тетіктер мемлекеттің имиджін қалыптастыруда ерекше мән­ге ие. Алғашында мұндай тә­сілдер биліктегі жеке тұлғаларға қолданылды. Кейінірек бұл жүйе бұқарамен ашық байланыс орнату барысында саяси жүйенің жетілдірілуіне оң ықпал тигізу ниетінде мемлекеттің даму страте­гиясында пайдаланыла бастады. Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы позициясын ақ­па­ратпен қолдау көрсету шарала­ры­ның қажеттілігі мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың не­гізі болып табылады. Аталған мәселенің шешімін табуда отан­дық ғалымдар бірнеше міндеттерді шешуі қажет. Дегенмен, елі­міздің сыртқы саясаттағы имид­жінің қалыптасуы мен дамуы тетіктерін айшықтайтын арнайы ғылыми жұмыстар жоқ. Сонымен қатар, мемлекетіміздің ақпарат­тық саясаты шеңберіндегі халық­ара­лық аренадағы имиджі тео­риялық жағымен қатар, тәжі­ри­бе жүзінде толықтай зерттелмегені де шындық. Бұл КСРО құрамындағы бұрынғы Қазақ­стан­ның сыртқы саясатты жүр­гізудегі үгіт-насихаттық аппа­ра­ты орталықтан бақыланып отырғандығынан деп білеміз. Бүгінде Қазақстан Респуб­ли­касының дамуын жаһандық кеңістіктен тыс қарау мүмкін емес. Елдің мемлекеттік құры­лыс тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі шарттардағы маңызды мемлекеттік шешімдерді қа­был­дауда жаһандық халық­ара­лық үрдістерді ескеру қажет. Өйт­кені, қазіргі халықаралық саяси және экономикалық қа­ты­настардың жаһандануы шарт­та­рында еліміздің ұлттық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Еліміздің стагнация үдеріс­терін жоюы мен әлеуметтік-пси­хологиялық оң көзқарас қалып­тастыруы жаһандық шарттардағы маңызды шара. Мемлекетті әлем­дік қоғамдастықтың жағымды қабылдауы жаһандық саяси, әлеуметтік және экономикалық алға жылжулар жетістігінің кепілі болып саналады. Қазақстан Республикасында позитивті қа­ты­нас қалыптастыруды қамтама­сыз етудегі жұмыстарды билік орындары үздіксіз жүргізіп жатыр. Қазақстан – кең географиялық кеңістік иеленген, жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің тер­рито­рия­сында түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дү­ниетанымдық ерекшеліктеріміз мем­лекеттілігіміздің қалып­та­суы­ның негізі болып табылады. Сондықтан мемлекет имиджі – бұл мемлекеттік жүйенің си­паттамалық белгілеріне ие өзара объективті байланыстар шегіндегі экономикалық, географиялық, ұлттық, демографиялық қарым-қатынастардың кешені. Ол әлеу­меттік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұлттық-конфессиялық үр­діс­тердің үдерістерін айқындай­ды. Мемлекет бейнесі сыртқы әлем­мен байланыстар нәтижесін­дегі әлемдік қоғамдастықтың са­насында қабылдануының өзіндік көрсеткіші іспеттес. Ақпараттық қоғам кеңісті­гінде имиджелогияның өзіндік ерекше орны бар. Мемлекет имиджін қалыптастыруға байланыс­ты қойылатын талаптар қоғам­дық өмірдегі ақпараттық техно­логиялардың өсуімен байла­ныс­ты. Имидж толықтай ақпараттық өнімге айналды. Имиджеология – бұл имидждің қалыптасуы мен оны жүзеге асыру техноло­гия­лары мәселелерін зерттеуге әлеу­меттану, психология, мәдениет­тану, философия және саясаттану секілді ғылымдарды тоғыстырған теория. Ол – ақпараттық қоғам­дағы мәдени шараларды жүзеге асырудағы маңызды қызмет атқа­ратын гуманитарлық технология. Сондықтан мемлекет имиджі түсінігі өзге ұғымдар секілді түрлі аспектілер негізінде қарас­тырылады. Мемлекет бейнесін кешенді зерттеу барысында ел имиджін өз азаматтарының қа­был­дау деңгейі қарастырылғаны жөн. Сонымен бірге, шет ел тұр­ғындарының көзқарастары тере­ңірек сарапталуы қажет. Өйткені, халықаралық имидж мемлекетке инвестициялық қаржылардың көп­теп бөлінуіне, туризмнің да­муына, іскерлік әлем әріптес­тігіне жол ашып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан халқының мақ­таныш сезімі мен Отанға сүйіспеншілігін жоғарылатады. Жалпы мемлекет имиджі оның құрылымын құрайтын бірнеше элементтерден тұрады: Қа­зақстан демократиясының бейнесі; билік имиджі; Қазақстан эко­номикасының имиджі; Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджі; Қа­зақстанның сыртқы саясаттағы имиджі; мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі. Қазақстан демократиясының бейнесі. Елімізді демократия­лан­дыру барысында мемлекеттік ре­формаларды жүзеге асыру сәтті жүргізілді. Ашық ақпараттық қо­ғам құру демократия жолындағы маңызды қадам болып табылды. Қазақстандағы соңғы жылдар­дағы реформалардың негізгі мақ­саты болып елді демокра­тияландыра түсу саналады. Осы шарттардағы саяси дамудың негізгі заңдылықтарын пайдалана отырып, тиімді жаңғырулардың орын алуына, алдыңғы қатардағы әлеуметтік-экономикалық дең­гей­ге шығу саяси жүйенің бар­лық күштеріне байланысты. Реформалар үдерісі жалпылай қо­ғамды қамтып, экономика, әлеу­меттік сала, рухани мәдениет пен саяси жүйенің динамикалық өзге­рістері негізінде шешімі табылуы тиіс жағдайларға да ықпалын тигізеді. Еліміздегі жаңғырған қо­ғам­ды азаматтық қоғам, құқық­тық мемлекет пен нарықтық эко­номиканың өзара бірлігі ретінде анықтаймыз. Билік имиджі. Мемлекет бейнесінің қабылдануын түсіну үшін ең алдымен билік пен азаматтар арасындағы қарым-қа­тынастарды айқындау қажет. Биліктегі азаматтардың тұлғалық имиджінің бағалануы олардың халықпен жақындығымен өзара байланысты. Бұқаралық сананың биліктің тиімді қызметін баға­лауы имидждің сипаттамалық бел­гісінің бір бөлігі болып та­былады. Билік бейнесі мен сы­байлас жемқорлық мәселесі де мемлекет имиджінің құрамдас бір бөлігі. Сыбайлас жемқорлық барлық адами және қоғам құн­дылықтарының даму үдерісіне кедергі жасайтын дерт екендігі белгілі. Бүгінгі күні қоға­мы­мызда кездесетін теріс жағдай­мен тек құқық қорғау орындары ғана емес, ел болып күресу қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан экономикасының имиджі. Мемлекет имиджінің негізгі аспектілерінің бірі ретінде биліктің экономикалық саясатты жүргізудегі тұрғындардың қаты­на­сын атап өте аламыз. Қазақ­стан экономикасының оң имиджін қалыптастыру барысында еліміз көптеген маңызды ресурс­тарға ие болмақ. Тек жағымды имидж ғана ұлттық экономика­ның бәсекелестік деңгейін жоға­ры­лата алады. Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджі. Азаматтардың Қарулы Күштерге көзқарасы – мемлекет­тің ішкі имиджіне ықпал ететін қарым-қатынасы. Бұл – күшті әскери державалық мемлекеттің қалыптасуына оң ықпал ететін факторлардың бірі. Телеар­налар­дағы отансүйгіштікке тәрбиелей­тін әскери хабарларды көбейту­мен қатар, көрші Ресей түсіріп отырған өзімізге тән әскери фильмдер түсіру орынды болар еді. Қазақстанның сыртқы саясат­тағы имиджі. Азаматтардың Қа­зақстанның сыртқы саясатын қабылдауы маңызды имидждік си­патқа ие. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың қаты­су­шысы ғана емес, осы уақытқа дейін ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК секілді аймақтық ұйым­дардың төрағалығын сәтті атқара білді. Еліміздің былтырғы Еуро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық жөніндегі ұйымға төрағалығы ел имиджін жоғары­латқаны анық. Еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығын иеленген пост­ке­ңес­тік республикалар арасында ғана емес, Азиядағы және мұсыл­ман әлеміндегі тұңғыш мемлекет екендігін әрқайсымыз мақтан етуіміз керек. 11 жылғы үзілістен соң жаңа ғасыр, жаңа мыңжыл­дық және жаңа әлемдік шарттарда Астана Саммитін өткізу еліміздің жетістігі ғана емес, ЕҚЫҰ-ның да жетістігі деп атап көрсетті көптеген сарапшылар. Саммиттің жемісті өтуі Қазақ­стан Республикасының әлемдік имиджін жаңа деңгейге көтерді. Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі. Бұқаралық ақпарат құралдары – ақпараттық саясат ұйымдастырудағы билік пен мем­лекеттің бейнесін қалып­тас­ты­ратын негізгі саяси идеяларды жүргізетін маңызды коммуни­ка­циялық құрал. БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырып, тұрғындар мен биліктегілер арасындағы өз­ара қатынастарды реттеуге септігін тигізеді. БАҚ-та берілетін ақпараттар қоғам қажеттілігіне сәйкес дайындалуы тиіс. Осы себептерге байланысты ақпаратты таратушы барлық хабарламаны тұрғындар мүддесіне сәйкес дайындаулары тиіс. Отандық және шетелдік ав­тор­лардың түрлі сараптамалық материалдарын зерттеу және жүйелеу барысында Қазақстан­ның оң имиджінің қалыпта­суындағы төмендегідей мәселе­лерге мән беріледі: - билік пен басқару жүйе­сіндегі, еліміздің қоғамдық өмірі­нің барлық салаларындағы тұрақ­тылық; - сыртқы инвесторларды тарту мақсатындағы отандық эконо­ми­калық жүйенің ашықтығы; - еліміздің құндылықтарына сәйкес келетін түсініктердің қа­лып­тасуына ықпал ететін идео­логиялық қимылдар; - қылмыстық әлеуметтік құ­бы­лыстың сипаттамалық белгілерін жоққа шығаратын қоғамдағы жоғары білімділік, мәдени және рухани әлеуетінің басымдығы; - әлемнің барлық мемлекеттерімен коммуникативтік байла­ныстардың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін Қазақстанның ақпараттық-саяси әлеуетінің ықпалдылығы. Жалпы PR мен жарнама әлем­дік қоғамдастық алдындағы Қа­зақ­стан имиджін алға жылжыту жолында тиімді пайдалануға бо­латын тәсілдер мен технологиялар қызметі. Сондықтан сая­сат­танушылар, әлеуметтанушылар, экономистер, басқару мен ұйым­дастырушылық даму мамандары­ның біріккен тәжірибелік құл­шыныс пен интеграциялық бай­ла­ныстары қажет. Сыртқы имидж­ді қалыптастыруда психологтар, сайлауалды технология­ларының кеңесшілері, спичрайтер, спиндоктор, журналистердің қосар үлестері зор. Мұндай біріккен жұмыс шаралары мемлекеттік билік органдарының тікелей қатысуымен жүргені абзал. Мемлекет имиджін ақпарат­пен қамтамасыз ету шеңберіндегі қызмет екі бағыт бойынша жүр­гізілгенін жөн санаймыз. Біріншісі – Қазақстанның шет елдердегі саяси, экономикалық, мәдени, гуманитарлық, ақпараттық қаты­суын анықтау; екіншісі – шетелдік бұқаралық ақпарат құрал­дарындағы Қазақстан бейнесі, елдің ішкі және сыртқы саяса­тының көрсеткіштерінің толық сипаттамалық белгілері. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы, ішкі саяси реформалары­ның сипаты бүгінде әлем елдеріне үлгі саналады. Қазіргі Қазақ­станның негізгі міндеті серпінді экономикалық даму, тұрақтылық­ты сақтау арқылы саяси және экономикалық жаңғыруды жал­ғас­тыра дамыту екендігі анық. Мұрат НАСИМОВ, Қызылорда «Болашақ» университетінің кафедра меңгерушісі.