22 Ақпан, 2011

Жаңа міндеттер жүгі

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа Жолдаудың жанымыз­ға жақын, қуана құптайтын жа­ңалығы – тілдерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуі. Бұл жө­нінде арнайы тарау берілген.  «Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітіруші­лердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», деп нақты атап көрсетілді. Бұл – жауапкершілігі мол үлкен міндет. Оның ойдағыдай орындалуына қазақстандық әрбір азаматтың ықыласы мен ынтасы, ұйымшылдығы қажет. Мұны мемлекеттік тіл жан­ашыр­ларына деген  шынайы қам­қорлық пен қолдау деп ба­ғалауға тиіспіз. Осы мүмкін­дікті бағамдай, бағалай, орын­ды пайдалана білуіміз қажет. Әрине, 95 пайыздан астам жергілікті ұлт өкілдері тұратын Сыр өңірінде Жолдауда белгіленген міндет қазірдің өзінде орындалып та отыр. Дегенмен, барлық мекемелерде іс қағаз­дарын мемлекеттік тілде жүр­гізуде, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңа талапқа сай өрістетуде жетілдіре түсетін жайлар да жеткілікті. Сондықтан алдағы уақытта да тілді дамытудағы игі шаралардың өрістей беретініне сенеміз. Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ, «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Қызылорда.