23 Ақпан, 2011

Алыстан келген алғыс хат

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы күндері Туризм және спорт министрлігіне Қысқы Азия ойын­дарының қонақтары мен қаты­су­шыларынан алғыс хаттар молынан түсуде. Солардың бірі жақында Азиа­да кезінде Астана мен Алматы қаласында сапармен болған Ха­лықаралық олимпиялық комитетінің президенті Жак Роггеден келді. Ол VІІ Қысқы Азиаданың лайықты өткізілуімен және Қазақстан спорт­шыларының жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алға­нымен құттықтайды. Сонымен бірге еліміздегі спорттық инфрақұ­ры­лым­­ның сапасы мен қазақ хал­қының қонақжайлылығына ризашы­лығын білдіріпті. Бұдан басқа министрдің атына елімізді Азиаданы өткізуімен құт­тықтаған Азиада олимпиялық кеңе­сінің президенті Шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабақтан алғыс хат келіп түсті. АОК басшысы Азиаданың өз тарихында үлкен жетістікке жеткенін, құрлықтың басты жарыс­тары­ның бірінің Қазақстанда өткізілуі болашақта республикалық ұлттық олимпиадалық комитетіне тәжірибе жинап, басқа да ірі жарыстарды ұйымдастыруға септігін тигізетінін атап айтқан. «VІІ Қысқы Азия ойындарының өткізілуі келесі жарысты қабылдайтын елдерге үлгі көрсетті. Қазақстан Азиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдайды жасады», – делінген АОК президентінің хатында. Дастан КЕНЖАЛИН.