23 Ақпан, 2011

«Үздік мекеме» атанды

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейту, оқып-үйрену бағытындағы жұмысты жетілдіру – әр мекемедегі қызметкерлердің негізгі міндеті. Жолдауда осыған байланысты тың міндеттер атап көрсетілсе, нақты істерімен танылғандар табысы да атап айтарлықтай. Облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, оның мәртебесін арттыруға байланысты жыл сайын көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда 2010 жылдың қорытындысы бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, келушілерге заң шеңберінде мәдениетті қызмет көрсетуде бағытындағы  табыстары үшін әділет департаменті әріптестерінен алда болып, байқауда «Үздік мекеме» атанып диплом, бағалы сыйлықпен марапатталды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында мерейлері үстем болып, байқауда бақтары жанған олар ана тіліміздің ертеңі жолындағы жақсы істерін жалғастыруда. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.