Экономика • 13 Маусым, 2026

Ресейге сыра сатудан Қазақстан екінші орынға шықты

1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ресейге сыра жеткізу көлемі бойынша Германияны басып озып, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ресейдегі ең ірі импорттаушылар рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейге сыра сатудан Қазақстан екінші орынға шықты

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Ресейге алғашқы қарбыз бен қауын өнімін экспорттай бастады

Елдің Ресейге сыра экспорты шамамен екі есеге артып, 2,7 миллион долларға жетті.

Рейтингте бірінші орынды Қытай сақтап қалды. Бұл елден Ресейге жеткізілген сыра көлемі 9,9 миллион долларды құрады.

Ал үздік үштікті Армения түйіндеді. Оның экспорт көлемі 1,96 миллион доллар болған.

Сонымен қатар, Германиядан Ресейге жеткізілетін сыра көлемі алты есеге қысқарып, небәрі 607 мың долларды құрады.

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Соңғы жаңалықтар