20 Қыркүйек, 2016

Көш басындағы тартыс күшейе түсті

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
20-09-16-football-1Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-туры ойындары ойналды. Көш басындағы «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» 2:1 есебімен басым түссе, оның басты қарсыласы «Қайрат» Алматыда дәл осындай есеппен Павлодардың «Ертісін» жеңді. Жалпы, соңғы жылдары ел чемпио­натында «Астана» мен «Қайраттың» мерейі үстем болып тұр. Бір кездері айдарынан жел ескен «Ақтөбе» командасында бүгінде бұрынғыдай мінез жоқ. «Ертіс» пен «Тобылдың» да көрсетіп жүрген қайраты шамалы. Сол себепті, отандық жанкүйерлер көбіне «Астана» мен «Қайраттың» ойын­дарына ерекше мән беріп, қызы­ғу­шылық танытып келеді. Сонымен, болгар маманы Стани­мир Стойловтың шәкірттері кезек­ті рет чемпиондық атақтарын қор­ғап қалу­ға жақындай түсті. «Ақтө­бе­мен» бол­ған ойында тізгінді бір­ден қол­дары­на алған чемпиондар 11-ми­нутта кон­голық легио­нер Жуниор Каба­нан­­ганың көмегімен есеп ашты. Ал екінші таймда алаң ие­лері жинақы­лық танытып, жүйелі ойнай бастады. Нәтижесінде 66-минутта Егор Соро­кин таразы басын теңестіріп кетті. Әр ойынға шешуші матч ретінде қарай­тын «Астана» үшін бұл есептің көңіл көн­шітпейтіні белгілі. Сон­дық­тан, ел­ор­да­лықтар қарқын­­да­рын күшей­тіп, тайлы-тұяғы­мен шабуыл­ға шық­ты. Бұл ойын тактикасы 87-минутта өз жемі­сін беріп, қорғаушы Марин Ани­чич жеңіс голын соқты. Осы жеңіс­тен кейін «Астана» 62 ұпаймен турнир кестесіндегі көш­басшылық орнын сақтап қалды. Бұл турда жеңіске жеткен «Қайрат» командасы да әзірге чемпиондықтан үмітін үзген жоқ. Өз алаңында «Ертісті» қабылдаған алматылықтар 23-минутта алға шықты. Голдың авторы – чемпионаттың үздік мергені Жерар Гоу. Кездесудің 78-минутын­да «Ертіс» сапынан Шота Григалашвили нәтижелі соққы жасап, есепті теңес­тірді. Алайда, арада бар болғаны 3 минут өткенде, «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мергендігімен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Кахабер Цхададзенің шәкірттері қоржындарындағы ұпай санын 58-ге жеткізді. Бірінші алтылықтың тағы бір кез­десу Шымкенттің «Ордабасы» мен Көкшетаудың «Оқжетпесі» арасында өтті. Бұл ойында шымкенттіктер 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 43 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Премьер-лигада қалу үшін тер төгіп жүрген екінші алтылықтың ойын­дары да тартыспен өтуде. Әсіресе, Оралдың «Ақжайығы» қарсылас шақ келтірер емес. Бейнебір маусым соңында екін­ші тынысы ашылғандай әсер қалды­рады. Қатарынан бесінші рет жеңіс­ке жеткен команда ең соңғы орын­нан жоғары көтерілді. Бұл жолы оралдықтардың «құрбаны» болған команда – «Атырау». Батыс дербиінде «Ақжайық» қонақта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Тур барысында жанкүйерлердің назарын аударған келесі матч Тал­ды­қорғанда өтті. Соңғы минутқа дейін жеңіп тұрып, төреші қосқан қосым­ша уақытта ғана қақпасына екі доп жіберіп алған жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтеріне» есе жіберді. Ал сырт алаңда Қостанайдың «Тобылынан» 1:3 есебімен жеңілген «Тараз» турнир кестесіндегі соңғы орынға сырғуға мәжбүр болды.  Еламан ҚОҢЫР, Журналист