20 Қыркүйек, 2016

Қызылқақ ауылындағы оқиғаны біржақты бағалауға болмайды – Дәурен Абаев

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-09-16-dauren-a

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың пікірінше, Павлодардағы Қызылқақ ауылы тұрғындарының жаппай соққыға жығылуын біржақты бағалауға болмайды. «Меніңше, таяу уақытта барлығын егжей-тегжейлі білетін боласыздар. Сіздер айтып тұрғандай оқиға біржақты әрі қарапайым емес. Бұл жайтқа байланысты белгілі бір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Шыдамдылық керек және сіздер толық мән-жайды білетін боласыздар», – деді ол. Айта кетейік, оқиғаға 14 қыркүйек күні Қызылқақ ауылында орын алған болатын. Онда құқық қорғаушылар мен жергілікті тұрғындар арасында түсініспеушілік туындап, салдарынан тәртіп сақшылары ауыл халқын соққыға жыққан. Осыған орай Павлодар облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары Назымбек Жүнісов: «Ертіс ауданындағы тұзды көлді тексеру үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел әрекет ететін жасақ қызметкерлері аталған елді мекенге барды. Алайда, Қызылқақ көлінің маңында ашуға бұлыққан ауыл тұрғындары көлдегі артемия шаянын аулауға еркін рұқсат беруді талап етті», – дейді. Егемен-ақпарат