Заңғар таулар алыстаған сайын биіктей түседі. Қазақтың кемеңгер ұлы, кестелі тілмен өрнектеген өміршең шығармаларын әлем мойындаған талантты жазушы, белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев әлемі де өмір көші ілгерілеген сайын сағынта түсері, аңсаулы ойға жетелей түсері сөзсіз. Міне, осындай сағыныштан туған тағы бір тағылымды кеш Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өтті.
Ел тарихында айрықша орны бар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» атты әдеби-танымдық кешті облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен осы колледж ұжымы Қазақстан халқының тілдері күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірлесе ұйымдастырды. Шараға зиялы қауым өкілдері, колледждің оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты. Кештің мақсаты барлық өмірін тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен рухани дамуына арнаған Әбіш Кекілбаевты еске алу, өнегелі өмірі мен өнерін жас ұрпаққа үлгі ету болып табылады.
Әдеби кештің шымылдығын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқытушысы, айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова тума талантқа арнаған толғауымен ашты. Шара барысында «Абыз аға. Әбіш аға» атты деректі фильм көрсетілді.
Кездесуде сөз алған белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы талантты тұлға туралы тұшымды әңгіме өрбітті. Өзі Парламент Сенатының депутаты болған кезде Әбіш Кекілбаевтың Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіл мәселесіне қатысты күрескерлік қасиеті айқын көрінгенін тілге тиек ете келіп, жазушылық шеберлігі мен азаматтық адамгершілігін айтып берді. Ақын, көсемсөзші, «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлы жастарға ана тілін ардақтау, құрметтеу керектігін жеткізді. Ол Әбіш Кекілбаевтың белгілі қоғам қайраткері, талантты жазушы бола тұра, өте кішіпейіл, адамгершілігі мол адам болғанын айта келіп, «Әбіш туралы айту да керек, ең дұрысы Әбіш шығармаларын оқу қажет. Бұл сендердің ұлтжанды азамат болып қалыптасуларың үшін өте-мөте қажет», – деп түйіндеді сөзін.
Кеште гуманитарлық колледждің шығармашыл жастары Әбіш Кекілбаевтың өлеңдері мен көсемсөздерінен үзінділер оқып, «Үркер», «Елең-алаң» романдарынан театрландырылған қойылым көрсетті. Колледж кітапханасы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірігіп, Әбіш Кекілбаев шығармашылығынан кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе
• 21 Қыркүйек, 2016
Әбіш Кекілбаев туралы деректі фильм көрсетілді

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше