20 Қыркүйек, 2016

Қарулы Күштерге – заманауи байланыс құралдары

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2-16-09Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатын «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-та шығарылған байланыс құралдарын тәжірибелік-әскери пайдалануды жүзеге асыру үстінде. Қуаттылығы орташа «Қарағай» радиостансасы мен «Ақтерек» радиорелелік стансасы, сондай-ақ, құрастыру және технологиялық құжаттама 2015 жылы «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың мамандары тарапынан 2015 жылы әзірленді. «Қарағай радиостансасы дуплексті арналарды (бір уақытта жүзеге асырылатын екіжақты байланыс) немесе симплексті байланысты (бағыт бір жақта жүзеге асырылатын екі абонент арасындағы біржақты байланыс) радиожеліге немесе радиобағытқа ұйымдастыруға арналған. «Ақтерек» радиорелелік стансасы басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел буынның арнайы мақсаттағы желілерінде үздіксіз режімде жұмыс жасайтын жиіліктердің сантиметрлік диапазонының радиорелелік байланыс желісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. «Қарағай» мен «Ақтерек» стансалары әскери сынамалардан сәтті өтті және халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктер көрмесінде ұсынылып, мамандардың жоғары бағасына ие болды. Радиостансалар жаңа цифрлық байланыс қондырғысымен жабдықталған және жоғары экспорттық әлеуетке ие. «Егемен-ақпарат»