20 Қыркүйек, 2016

Мәселе орынды көтерілген

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
(«Мал дәрігерінің мойындалмаған мәртебесі», «ЕҚ», 2016 жылғы 23 тамыз) Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының ветеринария саласының дәрігері, ауданның құрметті азаматы Сатыбалды Жұмашевтің еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» №161 санында жариялан­ған «Мал дәрі­герінің мойындалмаған мәртебесі» атты мақаласында айтыл­ғандарды біз, Жаңақала ауданы­ның осы салада бүгінгі күні еңбек етіп жүрген мал дәрігерлеріне де қатысты деп санаймыз. Ауданы­мызда мал басы жылдан жылға артып келеді. Осы малдарды өсіріп бағып, өнімін молайтып жүрген малшылар қауымымен бірге ауруының алдын алып егіп, емдеп, ауырған жағдайда шақырғанға шұғыл барып, көмек жасап жүрген ауданның дәрігер­лер қауымы. Қазір ауданымызда 18 жоғары, 32 орта білімді дәрігерлер жұмыс істеп жүр. Мақалада көрсе­тіл­ге­н­дей, мал дәрігерлерінің айлық жалақысы аз, от­ба­сын асырауға жетпейтін жағдайлар бар. Осы ма­ман­­­дыққа оқып, жылдарын сарп еткен дәрігерлер күн­көріс үшін мамандығын тастап жатқандары қаншама?! Мақалада жазылған 1991 жылғы 19 желтоқсан­дағы №1930 қаулысы бойынша жасалып бекітілген №2 тізімге мал дәрігерлерін қосып қам­қор­лық жасау керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев ауыл шаруашылығында мал басын көбей­тіп, оның өнімін арттырып, сапасын жақсартуды ауыл еңбеккерлеріне, мал мамандарына тапсырып отыр. Бұл істе мал дәрігерлерінің еңбегі бағалануы керек. Мал дәрігерінің талап-тілегі орындалғай. Құмарғали ҚАЙЫРЖАНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы