22 Қыркүйек, 2016

Желтоқсан желі – санаға салмақ

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zheltoksan-syn-syrtyАлматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы  Бейбіт Қойшы­баевтың «Желтоқсан-Сын» атты жаңа кітабы жарық көрді. Мұнда автордың Желтоқсан оқиғасына байланысты өз басынан кешкендері, сондай-ақ әр кезде алған, берген сұхбаттары, жазған мақалалары, түрлі жиындарда жасаған баяндамалары топтастырылған. Жазушы Бейбіт Қойшыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне орай республикамыздағы тоталитаризм цитадельдерінің бірінде билеуші партия бағытына қиғаш мәселе көтеріп, жазықты болған еді. Партиялық және әкімшілік тұрғыдан жазаланған. Алайда, қаламгер өзінің азаматтық позициясынан таймай, содан бергі жылдар бойы жастар қозғалысының қыр-сырын ашу жолында табанды еңбек етіп келеді. Сол еңбегінің көрінісі іспетті «Желтоқсан-Сын» публицистикалық хроникасынан оқырман қауым жазушының елі­мізде кейінгі отыз шақты жыл ішінде орын алып келе жатқан өзгерістер мен ілгерілеулер  барысында туған  түрлі  ой-толғамдары, пікір-пайымдарымен  таныса алады. Кітап хронологиялық ретпен құ­растырылған. Бұл тәртіп белгілі дәрежеде автордың мәсе­леге көзқарасының еліміздегі қи­лы қоғамдық қозғалыстар жұ­мыс­тарына байланысты қалай дамығанын, өрістеу бағытын көруге мүмкіндік береді. Автор Желтоқсан көтерілісіне көзқарасты жекелеген әркімнің қоғамдық белсенділігінің айқындауышы, өлшемі ретінде қарастырады. Қаламгер бұл еңбегін Жел­тоқ­­­сан көтерілісінің 30 жылдығы мен Тәуел­­сіздіктің 25 жылдығына арнайды. Жинақ қалың көп­ші­лікке, жастарға, Отан тарихын зерт­теу­шілерге пай­да­лы мағлұматтар бе­ре­ді. «Егемен-ақпарат»