Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Желтоқсан-Сын» атты жаңа кітабы жарық көрді. Мұнда автордың Желтоқсан оқиғасына байланысты өз басынан кешкендері, сондай-ақ әр кезде алған, берген сұхбаттары, жазған мақалалары, түрлі жиындарда жасаған баяндамалары топтастырылған.
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне орай республикамыздағы тоталитаризм цитадельдерінің бірінде билеуші партия бағытына қиғаш мәселе көтеріп, жазықты болған еді. Партиялық және әкімшілік тұрғыдан жазаланған. Алайда, қаламгер өзінің азаматтық позициясынан таймай, содан бергі жылдар бойы жастар қозғалысының қыр-сырын ашу жолында табанды еңбек етіп келеді. Сол еңбегінің көрінісі іспетті «Желтоқсан-Сын» публицистикалық хроникасынан оқырман қауым жазушының елімізде кейінгі отыз шақты жыл ішінде орын алып келе жатқан өзгерістер мен ілгерілеулер барысында туған түрлі ой-толғамдары, пікір-пайымдарымен таныса алады.
Кітап хронологиялық ретпен құрастырылған. Бұл тәртіп белгілі дәрежеде автордың мәселеге көзқарасының еліміздегі қилы қоғамдық қозғалыстар жұмыстарына байланысты қалай дамығанын, өрістеу бағытын көруге мүмкіндік береді. Автор Желтоқсан көтерілісіне көзқарасты жекелеген әркімнің қоғамдық белсенділігінің айқындауышы, өлшемі ретінде қарастырады.
Қаламгер бұл еңбегін Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайды. Жинақ қалың көпшілікке, жастарға, Отан тарихын зерттеушілерге пайдалы мағлұматтар береді.
«Егемен-ақпарат»

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше