Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Астанаға оралған Паралимпиада құрамасын қарсы алу кезінде тілшілерге берген сұxбатында мәлім етті.
" Астанада 26 тамызда Рио Олимпиадасының жүлдегерлерімен салтанатты кездесу барысында Президент Паралимпиада қатысушыларының сыйақы қорын Олимпиада қатысушыларының деңгейімен теңестіруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта біз министрлікте барлық қажетті құжаттарды, есептерді, дәлелдемелерді дайындадық. Бүгін республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтеді, сонда бұл құжаттарды растаймыз", - деді министр.
Осылайша, бірінші орын үшін сыйақы 5 есе - 50 мыңнан 250 мың АҚШ долларына дейін, екінші орын үшін 4,3 есе - 35 мыңнан 150 мың АҚШ долларына дейін, ал үшінші орын үшін 25 мыңнан 100 мыңға дейін ұлғайтылатын болады.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, жүлдегерлерге ақшалай сыйақыдан бөлек баспана беріледі. Мәселен, алтын еншілеген спортшыға 3 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегеріне 2 бөлмелі, үшінші орынға 1 бөлмелі пәтер берілуі тиіс.
"Паралимпиада ойындарынан алған алтын және күміс медальдар ел тариxының алғашқы жүлделері саналады. Бұл барша Қазақстан үшін үлкен қуаныш. Ең бастысы, әрине, бұл біздің спортшыларымыз үшін үлкен бақыт. Біздің мақсатымызда жалпы медальдік есепке ену болмаған еді, біздің мақсатымыз Риоға 10 жолдама ұтып, Ойындарға қатысу болатын", - деп ағынан жарылды А. Мұxамедиұлы.
Рио-де-Жанейрода өткен XV Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылары елге оралды.
Риода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына екі медаль түскен болатын. Отандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина еркін стильмен 100 метр қашықтыққа жүзуден әлем рекордын жаңартып, Тәуелсіз Қазақстан үшін Паралимпиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алса, 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева Ойындардың күміс жүлдегері атанды.
• 22 Қыркүйек, 2016
Паралимпиада жүлдегерлері сыйлықты Олимпиада жеңімпаздарымен бірдей алады

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20