Ресейлік интернет-басылым lenta.ru Карнеги қорының вице-президенті, көп жылдан бері Қытайды зерттеп келе жатқан маман Дуглас Паалмен сұхбатты жариялады. Төменде сұхбаттан негізгі цитаталар.
Қытай баяғыда «белесебет мінген адамдар» елі болған. Қазір ол – аймақтағы аса маңызды ойыншы. Бірақ Қытайды жаңа көтеріліп келе жатқан супердержава деп те атай алмаймын. Вашингтонмен теңесу үшін Пекин әлі 30 жыл аса уақыт жылдам қарқынмен дамуы керек. АҚШ та бір орында тұрмайтынын ескеру керек.
Қытайды тіпті Жапониямен салыстыру ерте. Жапонияның экономикасы мен әскери салаға жұмсайтын шығындары төмендесе, ал Қытайдікі жылдам өсіп отырса, екі елдің әскери теңіз күштерінің қуаты 2030 жылы ғана теңеседі.
Егер қазір Пекин Шығыс Қытай теңізіндегі Сенкаку аралдары үшін Токиомен соғысқа киліксе, күйрей жеңілген болар еді. Үздік теңізшілер, үздік әскери ұшқыштар, үздік ұшқыштар – мұның ешқайсысы әлі Қытайда жоқ.
Бұрын мен АҚШ пен Қытай арасында «жанама соғыс» болуы мүмкін емес деп ойлайтынмын (Жанама соғыс – екі елдің өз мақсаттарына жету үшін үшінші бір елдің территориясында және сол елдің ресурстары көмегімен қақтығысуы – ред.) Ал қазір мұндай қақтығыс мүмкін нәрсеге айналды.
Ол Вьетнам мен Қытайдың немесе Жапонияның Қытаймен соғысы болуы мүмкін. Біз қаламаймыз, бірақ ондай қақтығыстың алғышарттары бар: Пекин өзінің мүдделерін агрессивті жолмен қорғап келеді. Және біздің одақтастарымызбен қақтығысқа түсуде. Біз оларды қорғауға міндеттіміз.
Меніңше, Қытай Ресеймен қазіргіден де терең қатынасқа барғысы келеді. Бірақ Ресейдің Қытаймен одақтасуға намысы жібере қоймайды. Өйткені, Пекин ол одақта «аға» болғысы келеді. Мәскеу бұған көне қоймайды.
Обама Пекинге қатысты «Қатаң позиция ұстағыларың келе ме? Біздің позиция одан да қатаң болады!» деген принципке көшкен сияқты. Меніңше Пекинмен диалогта мұндай көзқарас жарамайды.
Егемен-ақпарат
• 22 Қыркүйек, 2016
«Қытай өз аймағында өте маңызды ел, бірақ әлі супердержава емес»

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20