22 Қыркүйек, 2016

Жезқазғанда 10 жасар қыз баланы зорламақ болған шетел азаматы ұсталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласында кәмелетке жасы жетпеген қыз баланы зорламақшы болған деген күдікпен шетелдік азамат қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оқыс оқиға 19 қыркүйек күні орын алған. Жезқазған қаласының 38 жасар тұрғыны саябақта белгісіз біреудің 10 жасар қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақшы болғанын 102 нөмеріне хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Өзбекстан Республикасының 23 жасар азаматын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Қайрат Әбілдинов