Италияның Порденон қаласында ұйымдастырылған «Festa del libro con gli autori» (авторлардың қатысуымен кітап фестивалі) атты ірі кітап жәрмеңкесі аясында қазақтың көрнекті ақын-жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің италия тіліне аударылған «Жазу тілі» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақстанның Италиядағы елшілігі еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында кітаптың аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп дайындады.
Тұсаукесерге Италияның өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, Италья университеттерінің профессорлары және студенттері, ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты.
Италияның атақты тарихшысы, жазушы Франко Кардини жиналғандарға кітаптың авторын таныстырды. Ол өз сөзінде әлемде алғаш рет антиядролық қозғалысының негізін қалаған О.Сүлейменовтің қоғамдық-саяси қызметі жөнінде де айтып өтті. Бұдан әрі ақынның әдеби қызметіне тоқталып, өлеңдері мен дастандары әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанын сөз етті. «Жазу тілі» кітабының Еуропа тілдері арасында бірінші болып италия тіліне аударылды. Сондай-ақ Ф.Кардини қазақ каламгеріне екі ел арасындағы мәдениет бауырластығы бұрыннан жақын екенін айта келіп, оның италия тіліндегі кітабының басылып шығуы біздерді бұрынғыдан да жақындата түсетінін тілге тиек етті.
«Егемен-ақпарат»

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20