23 Қыркүйек, 2016

Жасампаздық жылнамасы

262 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
egemen-1994-zh-1kantar*  1 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына жаңа жылдық Үндеуі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. «Экономиканы тұрақтандыруға, өндірістің құлдырауын тоқтатып, оны ырғақты қалыпқа тү­сіруге біздің мүмкіндігіміз жетеді, оған менің сенімім мол», деп жазылды Үндеуде. * 10-11 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Өз­бек­станда ресми сапармен болды. Мемлекеттер басшылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов екі ел арасында біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қол қой­ды. Қаңтардың 11 күні Нөкісте Орталық Азия мем­ле­­кет­­тері басшыларының және Ресей Федерациясының қаты­суымен Арал теңізі бассейнінің проблемалары бойынша кон­ференция өтті. * 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға рес­ми сапармен барды. Сапар барысында Елбасы мен Украина басшысы Леонид Кравчук Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа, «Қазіргі дүние: қыр көрсету және қатерлер» атты Декларацияға, екі мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты басқа да құжаттарға қол қойылды. *28 қаңтар – 1 ақпан күндері аралығында Президент Н.Ә. Назарбаев Давос қаласында өткен (Швейцария) Бүкіл­әлемдік экономикалық форумға қатысты. * 12 ақпанда елімізде адам құқығы мен бостандығы құр­меттелуін қамтамасыз ету, олардың сақталуына кепіл­дік­терді күшейту мақсатында Адам құқығы жөнінде рес­пуб­ликалық комиссия құрылды. *13-18 ақпан аралығында Президент Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенттері демократиялық ық­палдастық хартиясына қол қойды. Сондай-ақ, сапар аясында Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде танылып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойылды. Бұдан бөлек, 16 ақпан күні Нью-Йоркте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесті. АҚШ-тан қайтар жолда, яғни 18 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев Парижге аялдап, Францияның президенті Франсуа Миттеранмен кездесті. * 25 ақпанда Ақмоладағы Тыңгерлер сарайында (қазіргі Конгресс-холл) Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің 40 жылдығына арналған республика жұртшылығы өкілдері мен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің салтанат­ты жиналысы өтті. * 7 наурызда Жоғарғы Кеңес пен жергілікті өкілетті ор­ган­дар­дың сайлауы өтті. *15 наурыз «Жеке тұлғалардың табысына салынатын са­лық туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды. *20 наурызда Президент Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласына іс-сапармен келген АҚШ Қорғаныс министрі Ульям Перриді қабылдады. *21 наурызда Президент Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми са­пары басталды. Үш күндік сапар барысында екіжақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды. *23-24 наурызда Мемлекет басшысының Испания Корольдігіне ресми сапары болды. Сапар кезінде Қазақстан Президенті Испания королі I Хуан Карлоспен кездесті және испан үкіметінің басшысы Фелипе Гонсалеспен екіжақты келіссөздер жүргізді. *28 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші ресми сапары басталды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Борис Ельцин экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны тереңдету туралы шартқа, Ресей Федерациясы аумағында тұратын Қазақстан азаматтарының және Қазақстан аумағында тұрақты өмір сүретін Ресей азаматтарының азаматтық және құқықтық мәртебесіне байланысты мәселе­лердің негізгі принциптері туралы меморандумға, әскери ынтымақтастық туралы шартқа, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналастырылған стратегиялық ядролық күштер туралы келісімге, «Байқоңыр» ғарышжайы жөніндегі келісімге қол қойды. *29 наурызда Қазақстан басшысы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құрамының және студенттерінің алдында сөз сөйледі. Осы жолы Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 31 наурыз күнгі нөмірінде «Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың бас­та­масы: «Тәуелсіз мем­ле­кет­тер дос­тастығынан – Еу­разиялық одақ­қа» тақырыбымен мақала жария­ланды. * 6 сәуірде Пре­зидент Н.Ә.Назар­баевтың Жа­­понияға ал­ғаш­қы ресми сапары басталды. Елбасы сапар ба­рысында Жапо­ния Императоры, Премьер-министрі, саяси қайраткерлері және елдің іскер топ өкілдерімен жүздесті. * 12 сәуірде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен кел­ген Авс­тралия генерал-губернаторы Уильям Джордж Хэйденмен кездесті. * 20 сәуірде Парламенттің жаңа басшылығы сайланды. 176 депутат қа­тысқан дауыс берудің нәтижесінде Жоғарғы Кеңестің Төрағасы болып Әбіш Кекілбаев сайланды. * 21 сәуірде Президент Н.Ә. Назарбаев Алматы қаласында адам өлшемі мәселелеріне қатысты семинарына келген ұлттық азшылықтар ісі бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулды қабылдады. * 25-28 сәуір аралығында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары өтті. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан-Қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды. * 28 сәуірде АҚШ президенті Билл Клинтонның Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хаты баспасөзде жарияланды. Хатта АҚШ президенті Қазақстанның ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылуы бүкіл дүние жүзі үшін үлгі болатын тарихи қадам екенін, жас тәуелсіз мемлекеттің бұл істе көшбасшылық жасағанын атап көрсетті. * 30 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Президент Асқар Ақаевтың шақыруымен Қырғызстанда қысқа мерзімді сапарда болды. Сапар аясында үш мемлекет арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды. egemen-1994zh-31-nauryz