Еділдің бойын ен жайлап, Каспий теңізінің жағасынан қоныс тепкен Астрахань өңірі бұрын көрші мемлекеттермен, әсіресе, Қазақстанның шекаралас облыстарымен өзара іскерлік, экономикалық байланыстарды жандандыруға ниетті болса, енді ақпараттық қарым-қатынасты да өрістетуге бет бұрып отыр. Соның дәлеліндей, былтыр Каспий маңы елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін медиа-форум өткізуді қолға алды. Алғашқы медиа-форумға Каспий теңізін жағалай қоныстанған Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан елдерінен 200 өкіл мен 20-дан астам шетелдік БАҚ қатысқан екен. Сол медиа-форумның аясында аталған елдердің бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық туралы 16 келісімге қол қойылыпты.
Кеше Астраханьда екінші рет жұмысын бастаған медиа-форумды ұйымдастырушылар Каспий теңізінің проблемалары оның жағалауындағы көршілес елдер журналистерін біріктіретін тақырыпқа айналғанын алға тартты. Мұны Каспий маңы елдерінің медиа ресурстарында теңіздің биоресурстарын сақтап қалу жөнінде 43 материалдың жарық көргенінен байқауға болады. Медиа-форум алғашқы күнінен-ақ ақпарат берудің маңыздылығы мен ашықтығы, қауіпсіздігі туралы сан қилы пікірталастың алаңына айналды. Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық қарым-қатынасының перспективаларын талқыға салған телекөпір өтті.
Бұл медиа-форумда Каспий теңізі елдерді бөлмейтіні, керісінше, біріктіре түсетіні байқалды. Айтқандай, медиа-форумды ұйымдастырушылар «Каспий арманы» тақырыбымен төрт аталым бойынша халықаралық конкурстың жеңімпаздарын анықтайды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан» –
Астраханьнан
(Ресей Федерациясы)
• 23 Қыркүйек, 2016
Ресейде Каспий маңы елдерінің медиа-форумы өтіп жатыр

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20