Кеше Үкімет үйінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 1 қыркүйекте өткен Парламент сессиясының ашылуындағы: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын қарсы алу – жылдың ең негізгі оқиғасы. Бізге еліміздің барлық жетістігін саралап, маңызды нәтижелерді қазақстандықтарға жеткізу өте қажет», деген сөзін еске салды. Одан әрі Г.Әбдіқалықова Ұлттық комиссия бастамасымен қолға алынған «25 пайдалы іс» атты республикалық акциясын өткізуде әйелдер қауымының үлкен үлесі бар екенін жеткізді. «Акция аясында дарынды жетім балаларды қолдау, балалар дәрігерлік мекемелерін жабдықтау, кәсіпкер әйелдерді тегін оқыту және басқа да маңызды шаралар ұйымдастырылды», деді ол.
Бұдан кейін Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінің «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» тұжырымдаманы жүзеге асыру, сондай-ақ, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын орындау жөніндегі ақпараттары тыңдалды.
Аталған ақпараттар бойынша, елімізде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту ісі дұрыс жолға қойылған. Бұл мәселеде Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық рейтингінде 47-орынға ие болып отыр.
Сондай-ақ, жиында атап өтілгендей, Ұлттық комиссияға әділ төрелікке қол жеткізе алмай жүрген әйелдерден шағымдар жиі түсуде. Мысалы, 2015 жылы соттарға түскен қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің 43,1 пайызы әйелдер мен балаларға тиесілі болыпты.
Сонымен бірге, отырыста елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылданып отырғаны, құқық бұзушыларға ықпал етудің нәтижелі тәсілі заңдық тұрғыда енгізілгені, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізу, қорғау ұйғарымдарын шығару жолға қойылғаны сөз болды. Бұған қоса, жиында сот алдында құқық бұзушылардың тәртібіне ерекше талаптар қою өкілеттігі берілгені, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңды қабылдаған кезден бері ішкі істер органдары қызметкерлерінің араласуымен 206 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылғаны, соттар тарапынан құқық бұзушылардың тәртібіне қатысты 22,5 мың ерекше талаптар қойылғаны айтылды.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде әйелдерді жұмысқа орналастыруға қатысты қабылданып жатқан іс-шаралар туралы мәлімет берді. Бұл мәліметке қарағанда, қазіргі таңда әлеуметтік келісімшартқа 74,8 мың әйел қол қойған. Олардың 46,8 пайызы ауыл тұрғындары көрінеді. Сонымен қатар, әйелдерге ауыр жүк көтеру мен оны қозғауды шектеу нормалары қарастырылған 287 жұмыс тізімі бекітіліпті.
Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша түзілген Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатының тұжырымдама жобасының тұсаукесері өткізілді. Айта кетейік, бұл тұжырымдама қазіргі әлемнің нақты ерекшеліктерін ескере отырып, елімізде отбасылық және гендерлік саясатты жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған.
Жиын соңында отырысты қорытындылаған Г.Әбдіқалықова қаралған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13