24 Қыркүйек, 2016

Мәжілістің бюро отырысы өтті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Палата депутаттары назарына бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр. Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру және Қазақстандағы бәсеке­лес­­тікті қорғау саласындағы сая­сат­ты одан әрі күшейтіп, оның нор­­маларын ең озық ха­лы­қ­ара­лық тәжірибеге сәйкес келтіру. Сондай-ақ, Мәжіліс осы күні «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайтын болады. Париж келісімі орнықты даму саласындағы мақсаттарға жетуге ықпал етеді және шы­ға­ры­н­дыларды азайту мен кли­маттың өзгеруіне тұрақты­лықты нығайтуға мүмкіндік беретін шаралардың «жол картасы» болып саналады. Сонымен қатар, бюро оты­рысында Экономикалық реформа және өңірлік даму ко­митетінің Алматы облысын­да, Әлеуметтік-мәдени даму ко­ми­тетінің Қостанай облысында көшпелі отырыстарын өткізу туралы шешім қабылданды.