Өткен жексенбіде Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында Мәскеуде жергілікті «Спартакпен» күш сынасты. Онда елордалықтар айдын иелеріне 4:5 есебімен есе жіберді. Негізі есепті біздің жігіттер ашқан болатын. Астаналықтар 4-минутта Евгений Рымаревтің көмегімен алға шықты. Арада 3 минут өткенде, Брендон Боченски есепті еселеді. Бұл екі шайба да ойыншы басымдығы кезінде соғылды. Қарсыластарынан мұндай қарқын күтпеген «Спартак» ойыншылары 9-минутта есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік тапты. Мергендігімен көзге түскен – Райан Стоа. Алайда, осы голдан кейін бар болғаны 10 секунд өтер-өтпестен Эдуард Занковецтің шәкірттері есепті 3:1-ге жеткізді. Бұл жолы Найджел Доустың қанжығасы майланды. Екінші кезеңнің басында, яғни 22-минутта «Спартак» сапынан Лукаш Радил нәтижелі соққы жасап, командасының екінші шайбасын соқты. Үзіліске дейін бұл есеп өзгерген жоқ. Кездесудің үшінші бөлігі мәскеуліктер голымен басталды. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған Алексей Кириллов болатын. Ойынның 47-минутында Доус дубльдің авторы атанып, «Барыс» кезекті рет алға шықты. Дегенмен, соңғы сәтке дейін шабуылдаған алаң иелері тағы екі шайба соғып, жеңісті жұлып әкетті. Алдымен 54-минутта Стоа таразы басын теңестірсе, 56-минутта Мэтью Гилрой жеңіске жеткізді. Осылайша, биылғы маусымда 10 кездесу өткізген «Барыс» жетінші рет жеңілді. Әзірге біздің команда Шығыс конференциясында 14-орында тұр. Ол келесі кездесуін бүгін Сочиде қала аттас жергілікті командамен өткізеді. Еламан ҚОҢЫР
Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45