Үстіміздегі жылы елімізде 9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«Үстіміздегі жылы қаржыландырудың барылық көздері есебінен 830 млрд теңгеге шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұның барлығы, ең алдымен «Нұрлы жол» бағдарламасының және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының арқасында мүмкін болып отыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға беру көзделген», деді министр.
Оның айтуынша, биыл тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға 442,5 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Ұлттық қордан 423,9 млрд және республикалық бюджеттен 18,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражаттың ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 82,8 млрд теңге жұмсалады. Сондай-ақ жалға берілетін коммерциялық тұрғын үй құрылысына 97 млрд теңге көзделген. Бұл қаржыға 2017 жылы 498,2 мың шаршы метр (10 600 пәтер) салынады. Бұдан бөлек, инженерлік-коммуникация инфрақұрылымын тартуға 110,9 млрд теңге, Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына несие беруге 22 млрд теңге бөлінеді.
«Нәтижесінде, мемлекет қаражаты есебінен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңі ішінде 22,6 мың отбасы және жылдың соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы 33 мың пәтер салынады», деді Қ.Бишімбаев.
Егемен-ақпарат

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше