«SpaceХ» компаниясының басшысы Илон Маск Марсқа 1 миллион адамды жеткізуді жоспарлап отыр. Ол өзінің жоспарлары туралы Мексикада өткен Халықаралық ғарыш федерациясының Марсты игеру жоспарына байланысты 67-ші конгресінде айтты. Масктың ойынша, келешекте Жерде тіршілік жойылады, сондықтан адамдар Марсқа барып өмір сүруі тиіс. Ол 2035 жылға қарай қызыл планетаға 80 күнде ұшып баруға болатын мүмкіндік туады деп есептейді.
«Келешекте Марс планетасында тіршілік пайда болады. Сол себепті оған 1 млн-ға жуық адамды жіберемек ойымыз бар. Адамдар Марсқа барып, колония құрады. Бұл олардың өз-өздерін қамтамасыз етуі үшін қажет. Дегенмен, онда өзіндік өркениет қалыптастыру үшін шамамен 40 немесе 100 жылдай уақыт керек», деді Илон Маск.
Қазіргі есеп бойынша, Марсқа барып-қайту бір адам үшін 1 млрд долларға бағаланып отыр. Бірақ билет бағасы кейін 100 бен 200 мың долларға дейін төмендейді. Бұл жолаушының өзімен бірге алып ұшатын жүгінің салмағына байланысты.
Илон Масктың айтуынша, қазіргі таңда өзі басқаратын компания 100-ге жуық адам, сондай-ақ, 450 тонна жүк алып ұша алатын ғарыш кемесін жасап жатыр. Ғарыш кемесі кемінде 12 рет ұшуға жарамды болады.
Нұрбай Шәкім

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40