Алда үлкен спорт дүбірі келе жатқаны күн өткен сайын білінуде. Алматы ауқымды шараны өткізуге барын салып отыр. Осы тірліктің аясында 2017 жылғы қысқы Универсиадаға орай жұмыс сапарымен келген шетелдік делегаттар қала ауруханаларын аралап шықты.
Қазір қаладағы барлық емдеу мекемелері студенттердің әлемдік қысқы ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Арнайы делегация алдымен Алматы қаласындағы №4 қалалық ауруханаға, жедел жәрдем ауруханасына бас сұқты.
Аталмыш мекемелер алматылықтарға ғана емес, елдің әр шалғайынан шипа іздеп келгендерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеді. Олар озық медициналық технологиялармен жабдықталған. Мұнда шетелдерде тәжірибеден өткен білікті мамандар қызмет атқарады. Бөлімшелер күрделі операциялар жасаумен, сирек кездесетін ауруларды емдеумен айналысады.
Емдеу орындарындағы жабдықтарды көрген Ұлыбритания ұлттық студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Эджэи Абосидэ Олугбоинва: «Біз қаладағы ауруханаларды көріп, жақсы ойда қалдық. Барлық палаталар озық үлгідегі техникалармен жабдықталыпты. Ал мамандардың біліктілігі жоғары екеніне көз жеткіздік. Жарыс кезінде спортшылар үшін барлық көмек көрсетілетініне сенімдімін», – деді.
Сонымен қатар, шетелдіктерге жедел медициналық көмек көрсету стансалары да көрсетілді. Олар автоматтандырылған жүйе мен жаңа жедел жәрдем машиналарымен танысты.
АҚШ студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Рональд Ольсон Универсиада кезінде шұғыл көмектің аса қажет екенін айта келе: «Үлкен жарыстарда спортшы кез келген сәтте құлап, жарақат алуы мүмкін. Ал оған шұғыл көмек көрсету аса маңызды. Медицина қызметкерлерін көріп, олардың ақжарқын жандар екеніне көзім жетті. Бұл да аса қажет. Меніңше, бәрі ойдағыдай болады», дегенді айтты.
Универсиада кезінде Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен 40 жедел жәрдем көліктері қатар тұрмақ. Оның 8-і – реанимобиль көліктері. Медициналық көмек көрсету үшін Алматының 8 стационары жұмылдырылады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов медицина қызметкерлері Универсиадаға сақадай-сай дайын екендігін айтып отыр.
Ойындар кезінде спортшылар мен тіркелген тұлғаларға амбулаторлық көмек көрсету үшін медициналық орталық пен сауықтыру-оңалту іс-шаралары жұмыс істейді. Шұғыл науқастар үшін Универсиаданың ресми ауруханаларына кедергісіз қабылданады.
Қазіргі таңда 130-дан астам медициналық қызметкер ағылшын тілін оқып үйреніп жатыр.
Ұйымдастыру тәртібі бойынша әрбір спорттық жарыс нысанында және атлетикалық ауылда допинг-бақылау стансалары болады. Допинг бақылау рәсімдері тестілеуге арналған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодекстің және Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43