Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен БҰҰ даму бағдарламасының Сингапурдағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру жаһандық орталығы «Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және аймақтық трендтер» атты кең көлемді зерттеуді аяқтады. Осыған байланысты кеше хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов пен Жаһандық орталық директоры Макс Эверест-Филлипс Орталық коммуникациялар қызметінде зерттеудің тұсаукесеріне қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ, ТМД елдері мемлекеттік қызметінің дамуы мен реформалануының соңғы жиырма жылдағы негізгі үрдістері осы еңбекте көрініс тапқан. Әлихан Байменов өз сөзінде мемлекеттік қызмет дамуының бірқатар жаһандық және өңірлік сипаттағы үрдістерін атап өтті. Бірінші – мемлекеттік қызметшілерді іріктеу, қызмет бабында жоғарылату жүйелерінде модельдердің бір-біріне өзара әсер етуі байқалады. Бұл мемлекеттік қызметте таза мансаптық немесе позициялық модель іс жүзінде қалмағанын көрсетеді. Әрқайсысының ең озық жақтарын қолдану арқылы осы модельдер бойынша конвергенция үдерісі өтуде. Бұл мемлекеттік басқарудың доктриналық негіздеріне де тән, деді ол.
Оның хабардар етуінше, мемлекеттік қызмет тиімділігі адам ресурстарының сапасына байланысты екендігі баршаға мәлім болғандықтан, адам ресурстарын басқару сапасына ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде іріктеу мен қызмет бабында жоғарылатуда ашықтық пен тазалыққа, мемлекеттік қызметтегі этика мен адалдыққа айрықша назар салу ұмтылысы байқалады. Үшінші – мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік органдар жұмысын бағалауда үдерістер пен рәсімдерге екпін салудан гөрі нәтижелілік пен мақсатты индикаторларға қол жеткізуге баса назар аударылуда. Бұл мемлекеттік органдарда менеджмент сапасын жақсарту, жоба менеджментін енгізу, жұмыс тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру арқылы көрініс табуда, деді Ә.Байменов.
Ал Макс Эверест-Филлипс шолуға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік басқару саласындағы өзгерістер барлық дерлік елдерде біртіндеп орын алып отырғанын атап өтті. Мұның себебі, үш бағыттағы өзгерістерге байланысты: бірінші – реформалардың тұжырымдамалық идеялары, екінші – қаржы дағдарысы, білімді халық санының артуы, жаһанданудың жоғары қарқыны мен жаңа ақпараттық технологияларға байланысты өсіп келе жатқан қоғамдық қажеттіліктер. Үшінші – жаңа тәсілдер арқылы адам ресурстарын басқару саласындағы тәжірибелер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді монетарлық емес жолмен ынталандыру, деді М.Э-Филлипс.
Тұсаукесерде сөз алғандар бұл зерттеу Қазақстанның, хабтың қатысушы елдері және одан тысқары елдерде мемлекеттік қызметті реформалаумен айналысатындар осы саладағы ғалымдар мен сарапшылар үшін пайдалы әрі бірегей дереккөз деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, бұл жұмыс реформалардың әлеуетін арттыруда аймақтағы мемлекеттер үкіметтерінің талпыныстарын қолдай отырып, мемлекеттік қызмет тиімділігін жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар, Макс Эверест-Филлипс Сингапур орталығы мен Астана хабы арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін айта келіп, мемлекеттік қызмет саласында белсенділік, елгезектік пен инновацияға баса көңіл аудару арқылы ойлау мен құндылықтар трансформациясы саласындағы бірлескен жұмыс маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, олар екі орталық арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе, мемлекеттік қызметтегі стратегиялық форсайт құралдарын пайдалана отырып, «Сенімді болашақ бойынша бастамалар» (Empowered Futures Initiative) шеңберінде дамушы елдердің 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуіне қолдау көрсету бойынша зор әлеуеті бар екенін атады.
Рәсім барысында Ә.Байменов мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты аяқталса да, түннің бір уағына дейін кеңседе отыруы мемлекеттік органдардың менеджментіндегі өзекті мәселенің бірі екеніне тоқталды. Бұл жерде бірнеше мәселе бар, деді ол осы жөнінде. Лауазым иелері арасында жауапкершілікті шектеуді жетілдіру қажет. Екіншіден, мемлекеттік органдардың біразында қағазбастылық басым.
Оның айтуынша, кейбір басшылар жұмыстан кейін жиналыс өткізуді ұнатады, жақсы көреді. Сол жиындардың нәтижесі, қайтарымы қалай болатынын зерттеп көру қажет.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
• 28 Қыркүйек, 2016
Мемлекеттік қызметшілер түн ортасына дейін кеңседе отырмауы тиіс

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40