Жекешелендірудің екінші кезеңінің аралық қорытындысы бойынша 314 нысан сатылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Оған Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы Эдуард Өтепов, Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы басшысы Дәулетбай Шағыров, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов қатысты. Олар жекешелендіру жұмыстарының осы кезеңге дейінгі нәтижелерімен бөлісіп, сатылған нысандар туралы ақпарат айтты.
2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес, сатуға 622 нысан жоспарланған екен. Тамызға дейінгі кезеңде 523 нысан жекешелендіруге жоспарланған. Ал 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 нысан шығарылыпты, оның 314-і сатылды.
«Оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша – 57 нысан бар. Бұл ретте, сатудан түскен қаражаттың 7 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 5,1 млрд теңгесі облыстық бюджеттерге, 68,1 млрд теңгесі холдингтерге, 6,4 млрд теңгесі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға бағытталған», деді Э.Өтепов.
Республикалық меншік бойынша 2014 жылдың маусымынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде сатуға 27 нысан жоспарланған. Биылғы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шығарылып, оның 19-ы сатылған. Ал коммуналдық меншік бойынша 273 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 нысан саудаға шығарылып, оның 157-сі сатылған.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 105 нысан жекешелендіруге жатады. Бұл ретте 104 нысан сатуға қойылып, оның 81-і сатылып кеткен. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 28 қыркүйектегі жағдайға сәйкес сатуға жоспарланған 136 нысанның 124-і сауда-саттыққа шығарылып, оның 57-сі сатылған.
Динара БІТІКОВА

Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Баға өсімі баяуласа, тұрмыс түзеле ме?
Баға • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:58
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Талбесік • Бүгін, 08:55
Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Оқиға • Бүгін, 08:53
Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді
Талбесік • Бүгін, 08:50
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бокс • Бүгін, 08:48
Айбын • Бүгін, 08:45
Жәдігер • Бүгін, 08:43
Келісімшарт кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Айбын • Бүгін, 08:35
Шегірткеге қарсы күрес қарқын алды
Мәселе • Бүгін, 08:33