УЕФА Еуропа лигасы аясында «Астана» футбол командасы өз алаңында Швейцарияның «Янг Бойз» командасымен ойнап 0-0 есебімен тең түсті.
«Астана» ә дегеннен-ақ ойын тізгінін қолына алды. Алайда, Станимир Стоиловтың шәкірттері бірінші таймда қарсыластың қақпасына сан мәрте шабуыл жасағанмен, гол соға алмады. Бірде Деспотовичтің шірене тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері кетсе, ал Неманья Максимовичтің баспен соққан добы діттеген жеріне жетпеді. 16-минутта Абзал Бейсебековтің екі қорғаушыдан сытылып өтіп, оң қапталдан асырған әдемі добына Кабананга лайықты «жауап» бере алмады. 23-минутта швейцариялық футболшы Раве әріптесімен әдемі пас алмасып, Эричпен бетпе-бет келді. Алайда, оның асыра салған добы қақпадан асып кетті. 32-минутта №7 нөмірлі Сулеймани шамамен 30-метрдей жерден Эрич қорғаған қақпаны дәл көздеген, қақпашымыз екі қолын тосып, әзер дегенде қайтарды. 40-минутта Шомко сол қапталдан әдемі соққы жасап, жанкүйерді «аһ» ұрғызды. Доп тоғыздықтың маңынан кетті.
Ойынның 2-таймында шабуылдар көп жасалмады. Ойынның 66-минутында Бейсебеков оң қапталдан Максимовичке пас асырған, алайда серб футболшысы допты ыңғайына келтіре алмады. Ал қонақтардың 31 нөмірлі ойыншысы Юя Кубоның 89-минутта жасаған жойқын соққысы 21 мың жанкүйерді дүр сілкінтті. Абырой болғанда, доп қақпаның үстінен өтіп кетті. Осылайша, көзді ашып-жұмғанша 90-минут та өте шықты. Қорытынды есеп – 0:0. Бір қызығы, «Астана» еуродода сайысында өз алаңында қатарынан он кездесуде жеңілмей келеді. Соңғы рет елордалық ұжым «Астана-Аренада» 2014 жылы испаниялық «Вильярреалдан» 0:3 есебімен жеңілген еді.
Бүгінгі ойынның статистикасы:
Астана - Янг Бойз - 0-0
Соққылар 10 – 8
Дәл бағытталғаны 3 – 2
Бұрыштама 3 – 6
Алмас Манапов, Егемен Қазақстан
• 29 Қыркүйек, 2016
Астана Швейцарияның Янг Бойз командасымен тең түсті

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20