29 Қыркүйек, 2016

Сенаторлар қайырымды іске қатысты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың баспасөз қызметі Жоғарғы палата депутаттарының  «Шын жүректен» марафонына қолдау білдіргенін хабарлады. Мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге арналған ауқымды қайырымдылық шарасы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында да қолдау тапты. Палата отырысы барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мем­лекет басшысының бастамасымен өтіп жат­қан «Шын жүректен» қайырым­дылық теле­марафонына қатысуға шақыр­­ды. «Қазақ­­стан» телеарнасы мен Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясы шараның ұйым­дас­тыру­шылары болып табы­лады. Бір күн­дік еңбекақыны мұқ­таж жандарға аудару туралы Төраға­ның ұсынысына депутаттар қолдау білдірді. «Егемен ақпарат»