Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваның айтуынша, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қолға алынған бағдарламалар бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталып жатыр екен. Жұртын жұмыспен қамтып, екі қолға бір күрек тауып беріп отырған ірі кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін оларға тиісті жағдай жасауға да көңіл бөлінеді. Соның арқасында жыл басынан бері аймақта 17 837 жаңа жұмыс орны құрылыпты. Мемлекеттік бағдарламаларды айтпағанда, 2015 жылы облыста «Жаңа серпін» атты өңірлік бағдарлама қабылданып, жастарды кәсіптік оқыту ісі жолға қойылған екен.
– Қазір осы жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз. Мәселен, Жаңаөзен қаласының, Бейнеу, Жетібай, Мұнайшы аудандарының жастары Ақтаудағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. «Каспио пласт», «Ақтау солтүстік теңіз терминалы» сынды компаниялардың тапсырысымен көптеген адамдар өндіріске араласты. Олардың әлеуметтік жағдайын жасау үшін Ақтау қаласында, Құрық ауылында әрқайсысы 500 орындық 2 жатақхана салынды. Форт-Шевченко қаласында да жатақхана салуды жоспарлап отырмыз, – деді Баян Нұрғазиева.
Қазіргі таңда облыста білім беру саласы нысандары көптеп салынып жатқанын айта кету керек. Соңғы бес жыл ішінде балабақша саны 245-ке жеткені, апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептердің қалмағаны осының дәлелі. 2016 жылы білім беру саласын дамыту үшін 48 миллиард, денсаулық сақтау саласы үшін 21 миллиард теңге қаржы бөлініпті.
Елордадағы мәдени күндерін өткізуге облыстың өнер ұжымдары үлкен дайындықпен келгені байқалады. Мәдени-рухани бағдарламалардың арасында қазақтың қабырғалы қаламгері Әбіш Кекілбаевтың мұраларын насихаттауға арналған шаралардың орны бөлек. Атап айтар болсақ, Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін көрменің «Ұлы дала абызы» атты арнайы бөлімінде қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспозициялар қойылады. Сондай-ақ, 1 қазан күні Ұлттық академиялық кітапханада «Әбіш әлемі» атты журналдың тұсауы кесілмек. М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Әбіш Кекілбаев шығармасының желісімен сахналанған «Шыңырау» драмасы қойылатынын да айта кеткен жөн.
Апта сайын елордада әр аймақтың ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер жәрмеңке ұйымдастырып жүргені белгілі. Бұл науқаннан маңғыстаулықтар да шет қалмақ емес. 1-2 қазан күндері «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алдында шұбат, балық сынды өңірдің брендіне айналған басты өнімдерін елордалықтарға ұсынады.
Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»
• 01 Қазан, 2016
Елордада Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026