04 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №564

204 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін
2016 жылғы  1 қазан,  Астана, Үкімет Үйі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағи­даларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе санаттарын Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2),    5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) ғылыми-педагог қызметкерлер – ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын не білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын жеке тұлғалар; 5-2) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер – кәсіби қызметі мәдени құн­дылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын, кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орын­дауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағыт­талған жеке тұлғалар; 5-3) бұқаралық ақпарат құралдары редак­циясының қызметкерлері – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжымның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғалар;»; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлер (бұдан әрі – өз бетінше түскендер санаты);»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Магистр дәрежесін алу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі. Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысуға өз бетінше түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер жіберіледі. Магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар: 1) өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін: Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар, – оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» бағасына сәйкес келуі; академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы­ның кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GРА балына немесе Жұмыс органы бекіткен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі; 2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік- техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бо­йынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GРА балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның ба­ламасына сәйкес келуі және Жұмыс органы бекіткен «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдалған мамандығының осы диплом бойынша мамандығына сәйкес келуі; 3) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GРА балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады. 10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көр­сетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми- педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін; 2) жеке куәліктің және паспорттың түп­нұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқа­лар салыстырылғаннан кейін үміткерге қай­тарылады); 3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түп­нұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 4) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес еңбек қыз­меті кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ ау­дарылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты; 6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық  сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы; 8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты; 11) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген ака­демиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы; 12) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4-тармақтармен толықтырылсын: «10-1. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін адамдар жіберіледі. 10-2. Философия докторы (PhD), бейін бо­йынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар: Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде «жақсы» бағасына сәйкес келуі; академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балы­ның кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GРА балына немесе Жұмыс органы бекіткен «Болашақ» ха­лықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады. 10-3. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бе­тінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміт­керлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін; 2) жеке куәліктің және паспорттың түп­нұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыс­тырылғаннан кейін үміткерге қайта­рылады); 3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен кө­шірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгілен­ген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түп­нұс­қалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 4) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты; 6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы; 8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыс­тырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты; 11) оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы; 12) философия докторы (PhD), бейін бо­йынша доктор дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жос­парын ұсынады. 10-4. Тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды: 1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін (бұдан әрі – өтінім); 2) жеке куәліктің және паспорттың түп­нұс­қалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайта­рылады); 3) бакалавр немесе маман дипломы­ның түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түп­­нұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерек­шеліктерді ескере отырып, білімі туралы құ­жатты тану туралы өзге де құжатты (түп­нұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 4) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзін­ді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшір­мелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты; 6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы; 8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады); 10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты; 11) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) көрсетілген сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін; 12) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған және тағылымдамаға жі­беруші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады.»; 13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9, 10-2-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;»; 27-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) конкурс жеңімпазының шетелде ака­демиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және «Болашақ» стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан күнінен бастап үздіксіз бес жыл (осы Қағида­лардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін – үш жыл) жұмыс істеуі туралы шарт: өз бетімен түскендер санаты бойынша кон­курсқа қатысатын тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Рес­публикасына не ұлттық компанияларға тие­сілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда; мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша кон­курсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өті­­нім берген мемлекеттік қызметшілер үшін – өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте не шетелдегі Қазақстан Республикасының дип­­ломатиялық қызмет органдарында, не Рес­публикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталда­ғы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген мемлекеттік органда; ғылыми-педагог қызметкерлер санаты бо­йынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша кон­курсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасының тиісті деңгейдегі басқа ғылыми ұйымдары мен бі­лім беру ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда; инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының өндірістік қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда; тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының жіберуші ұйымның негізгі қызметімен ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда; мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мәдениет ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүм­кіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда; бұқаралық ақпарат құралдары редак­ция­сының қызметкерлері санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа бұқаралық ақпарат құралдары редакциясында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазыл­сын: «8) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ конкурсқа өз бетін­ше түскендер санаты бойынша қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармагынын 1) тармақшасына сәйкес өтінім ұсынған үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі бойынша шарт;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.САҒЫНТАЕВ