Аймақтар • Кеше

Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың «Балдәурен» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің психикалық-эмоционалдық жағдайын анықтау үшін былтырдан бері ЖИ-дің қатыстырылуымен цифрлық бейнебақылау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр

Балабақша меңгерушісі Мәдина Дәрібаеваның айтуынша, сынаққа барлық 38 тәрбиеші өз еркімен қатысып жатыр. Оларды 34 интеллектуалдық камера бақылауға алған.

Камералар дедукция тәсілімен қатысушылардың эмоционалдық жағдайын бақылайды. Ал ЖИ тәрбиешілер мен сәбилердің дөрекі қылықтары мен сөздерге жол беруін анықтайды. Жартыжылдық қорытындыға қарағанда қызметкерлердің психикалық-эмоциялық индексі төмен бағаланған (36,8).

Соның ішінде кейбір тәрбиешілер шаршағандықтан ресурсын төмендеткен, кейбірі эмоцияға беріліп, өз міндетінен шеттеген, тағы біреулері жұмысының тиімділігіне шәк келтіретін болып шыққан.

Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мұндай тәжірбие Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отыр.

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Соңғы жаңалықтар