Алматыдағы «Жайлау» гольф клубында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында «Kazakhstan Open - 2016» халықаралық турнирі өтіп, оған әлемнің 25 елінен 132 ойыншы қатысты.
Халықаралық жарыс дәстүр бойынша Pro-Am турнирінен басталды. Бұл үлкен ойын алдындағы соңғы тиянақты дайындық сияқты шара екен. Ол, сондай-ақ, қатысушылардың өзара танысып, тіл табысуына себеп болады. Осы кезең үшін де қомақты жүлде тігілді. Биылғы жеңімпаздарға Мальдив жағажайына жолдама берілді.
Әлемдік деңгейдегі гольф алпауыттарының үздігін анықтайтын турнир – Лондонда өтетін Еуропа туры ойындары. Ойыншылар оған жету үшін бірнеше деңгейден тұратын халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Соның бірі – «Kazakhstan Open». Осымен он екінші жыл өткен сайысты «European Challenge Tour» ұйымы, Қазақстанның гольф федерациясы және «Жайлау» гольф клубы ұйымдастырды. Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен сәтті аяқталған ойындардың тұрақты бас демеушісі «Eurasian Resource Group» компаниясы болды. Шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталған турнирдің негізгі ақпараттық серіктесі болу «Егемен Қазақстан» газеті үшін де дәстүрге айналды.
Сонымен, он екінші турнир несімен есте қалды? Осы сұрақты ұйымдастырушыларға да, шетелдік ойыншыларға да қойып көрдік. Діттеген жауап біреу: «Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мінсіз әрі қомақты қаржы тігілген ойын». Әсіресе, «Kazakhstan Open-2016» халықаралық турнирінің бюджеті шетелдіктер үшін елең етерлік. Әуел баста француз ойыншысы Роман Лангаске айтып еді: «Бас жүлдеге тігілген 72 000 еуро мені Қазақстанға жетеледі», деп. Қонақтардың айтуынша, мұндай қомақты қаржыны бәске тігетін елдер санаулы.
Дәл осы 72 000 еуро тұратын бас бәйге ағылшын ойыншысы Сэм Уолкердің қанжығасын майлады. Жасыл қырат үстінде 270 рет сәтті соққы жасап, 18 ұпай жинаған кәсіпқой гольфші қарсыластарына қарасын көрсетпеді. Бұл – Сэм мырзаның аз уақыт аралығындағы екінші үлкен жеңісі. Ол тамыз айында Финляндияда өткен «Vierumäki Finnish Challenge» турнирінде де жеңімпаз болған.
Жарыстың екінші жүлдесі Уолкердің жерлесі, ағылшын Джордан Смитке бұйырды. Ал үшінші орынға нидерландтық Райнер Сакстон көтерілді.
– Ойынның соңғы күні қиын жағдайда өтті. Жаңбыр мен қар араласып жауып, ел-сел етті. Дегенмен, діттеген нәтижеге жеттім-ау... Осындай ойын ұйымдастырып, қатысуға мүмкіндік берген сіздерге рахмет. «Бәйтерек» кубогын қолыма ұстау бақыты бұйырғанына бек қуаныштымын. Қазақстан жасасын! – дейді «Kazakhstan Open-2016» халықаралық турнирінің чемпионы Сэм Уолкер.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше