Жақында ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров Милан қаласында болып келді. Алматы делегациясы халықаралық студенттер жарысын ұйымдастыру мәселелері бойынша 2013 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Филиппо Баззанелламен кездесті. Сол жылғы қысқы Универсиада Италияның Тренто қаласында өткен еді. Жарысқа әлемнің 700 университетінің өкілдері қатысқан. 51 елден бір мың жеті жүздей студент 12 спорт түрі бойынша сайысқа түскен. Ойындар Трентоның 12 провинциясында өткен. Осы Тренто Универсиадасы қысқы спорт тарихына ең аз қаржы жұмсалған дода ретінде де енген. Ойынның бюджеті бар болғаны 5 млн 125 мың еуроны құрапты.
Дәл қазіргідей экономикалық дағдарыс жағдайында Алматы Универсиадасын өткізу кезінде мемлекет қаржысын тиімді пайдаланудың талабы зор. Демек, бізге италиялықтардан үйренерлік үлгі бар.
Екіжақты кездесуде Алматыдағы Универсиадаға дайындық Халықаралық студенттер спорты федерациясының барлық талабы бойынша жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.
– Қазақстанның FISU тарихындағы ең үздік Универсиаданы өткізетініне сенімдімін. Алматыдағы қысқы Универсиаданы өткізу жолында кәсіби мамандардан құралған топ жұмыс істеп жатыр. Бұл жарыс сіздердің қалаларыңызда студенттер спорттың дамуына серпін беретініне сенімдімін, – деді Филиппо Баззанелла.
Ал «ХХVІІІ қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастыру дирекциясының» басшысы Наиль Нуров Миланға жасаған сапар барысын қорытындылай келіп:
– Универсиаданы ұйымдастыру комитеті үшін Трентоның тәжірибесі өте маңызды. Әсіресе, шығынды тиімді жұмсауын үлгі етуіміз керек. Ақшаны үнемдеп-ақ жарысты жоғары деңгейде өткізуге болады. Осы орайда, Трентоның тәжірибесі біздерге жолбасшы болады, – дегенді айтты.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03