07 Қазан, 2016

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sagi Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Гизела Стюарт бастаған Ұлыбританияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік тобының делегациясымен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.