10 Қазан, 2016

Қазақстанда үлескерлер құрылыс барысын онлайн қадағалай алады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
information_items_80628 Қазақстанда тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында бірыңғай республикалық веб-сайт құрылады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында. «Бас прокуратурамен бірге түсіндіру жұмыстары аясында тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында бірыңғай тақырыптық республикалық веб-сайт құрылады. Аталған ресурс арқылы азаматтар үлестік құрылыс саласында құқықтық қолдауға ие болады, сондай-ақ өңірлердегі салынып жатқан нысандар бойынша мәліметті және үлескерді қорғап, дұрыс таңдау жасауға көмектесетін ақпаратты ала алады», – деді Ұ. Жазылбек. Сондай-ақ, заңға сәйкес құзіретті компаниялар жеке веб-сайттарын құруға міндетті, онда нысан, құрылыс мерзімдері, аумағы, жоба қабаттылығы, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс жұмыстарының барысы туралы мәлімет орналастырылады. Сайттардағы ақпарат кем дегенде айына бір рет жаңартылып отырады. Еске салсақ, 10 қазаннан бастап Қазақстанда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы күшіне енді, оған сәйкес Қазақстандағы үлестік құрылысқа қойылатын талаптар күшейтілді. Жаңа заң үлескерлердің қаражатын қорғау және кепілдендіру тетіктерін көздейді және үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың  Кепілдік беру қорының кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы, тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерін қамтиды.