11 Қазан, 2016

Жамбылдық шаруалар жәрмеңкеге шақырды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zharmenke-00Сарша тамыздан бері Алматыны бетке алған салқар керуен көбейіп тұр. Аймақтардан келетін автокөліктерді мегаполис тұрғындары елеңдеп күтетін болған. Азық-түлік артып, алматылықтарды жәрмеңкеге жинайтын жақсы үрдіс жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр. Бұған дейін қалада Алматы об­лы­сының ауылшаруашылық өнім­дерінің жәрмеңкесі өтіп, адам­дар арзан бағадағы азық-түлікке қарық болып еді. Күні кеше ғана Қара­тау етегінен керуен келіп, тұр­ғын­дарға Жамбыл облысының ди­қан­дары мен малшылары күтіп-бақ­қан көкөніс пен мал өнімдерін ұсынды. Алматының Астана алаңын ду­ман­­ға бөлеген жәрмеңкеге келуші­лер көп болды. Жамбыл облысы аграр­шыларының қолынан шыққан ет, сүт, бал, жеміс-жидек өнімдеріне сұра­ныс мол болды. Әсіресе, жылқы мен сиыр етін сатып алушылардың қарасы көбейгенін байқадық. Жәрмеңкенің ашылуына Ал­­­маты қаласының әкімі Бауыржан Бай­­­­бек пен Жамбыл облысының әкі­мі Кәрім Көкірекбаев қатысып, ірге­лес аймақ­тар­дың әріптес­тік бағы­тында қол­ға алып, жүргізіп жатқан жұмыстары туралы әңгі­меледі. – Алматылық ағайындарға 240 тон­­­наға жуық ауылшаруашылығы та­уар­­­ларын әкелдік. Оның ішінде 30 тон­на ірі қара еті, бір жарым тон­на­­дай тауық еті, 5 тонна шұжық өнім­д­ерін жәрмеңкеге шығардық. Біз­­дің шаруалар осы сапардан 112 млн теңгеден астам қаржыға сау­да-сат­тық жасап қайтты, – дей­ді Жам­был облысының әкімі К.Көкірекбаев. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»  Алматы