11 Қазан, 2016

2017 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері 9%-ға өседі

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
cljizcnuyaabvsk Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері 12 802 теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі отырыс барысында мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан Премьер-Министрінің ресми сайты. «2017 жылы зейнетақы мөлшерi 9%-ға артады. Осының негiзiнде базалық зейнетақы мөлшерi 12 802 теңгенi құрайды. Базалық зейнетақы мен негiзгi зейнетақыны қосқан кезде оның мөлшерi 60 мың 167 теңгенi құрайтын болады», - деп мәлімдеді вице-министр. Оның айтуынша, барлық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 7%-ға артады. Бұдан өзге, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күн көріс минимумының мөлшерін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа шарттарына келтіру мақсатында әлеуметтік даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспарланған. «Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішін есептеу әдісін қайта қарау қарастырылып жатыр, ол бірінші кезеңде көрсеткішті азық-түліктік және азық-түліктік емес тұрғыдағы ара салмақты өзгерту арқылы күн көріс минимумының құрылымын өзгертуді көздейді. Аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру үшін  әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Бұл базалық зейнетақы, қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлемдері және басқалары ол 2018 жылға - 63 млрд теңге, 2019 жылы - 88 млрд теңге», - деп түсіндірді Б.Нұрымбетов.