12 Қазан, 2016

Парламенттік достық тобы құрылды

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
meksika-kazakstan-parlamenttik-doМексиканың Депутаттар конгресінде (Мексика парламентінің төменгі палатасы) Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің бастамасымен «Мексика-Қазақстан» парламенттік достық тобы құрылды. Жақында Мексика заң шы­ғарушы органының ғима­ра­тында Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовтің және елшілік дипломаттарының қатысуымен аталған топты құрудың ресми рә­сімі болып өтті. Іс-шараға сон­дай-ақ Конгресс депутаттары – «Мексика-Қазақстан» тобының мүшелері, Мексика Сыртқы істер министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімді «Мексика-Қазақстан» тобының төра­ғасы, Мексика Парламенті төмен­гі палатасының депутаты Хосе Ре­фухио Сандовал Родригес кіріспе сөз сөйлеп ашты. Өз сөзінде ол Қазақстанды «Орталық Азия­дағы ең дамыған мемлекет жә­не әлемдегі ең тартымды инвести­циялық орталықтардың бірі» деп атады. «Қазақстанның стратегия­сы ха­лықтың әл-ауқатының не­гі­зін қа­лайтын және елдің ин­дус­­трия­­лық даму базасына ықпал жасайтын бизнес-климат пен сая­си тұрақтылықты дамы­туға бағытталған. Қазірде мемле­кет­теріміздің алдында ынтымақ­тастықты дамыту үшін үлкен мүм­кіндіктер тұр. Мексика Парламенті төменгі палатасының депутаттары екіжақты қатынастарды одан әрі белсенділендіруге жағдай жасайтын Қазақстан-Мексика достық тобын құру туралы шешім қабылдады», – деді Хосе Родригес. Елші А.Елемесов өз кезегінде Қа­зақстан Республикасының бас­ты жетістіктері, еліміздің халық­аралық қатынастардағы рөлі, бейбітшілікті сақтау мен қару­сыз­данудағы негізгі бастамалары, сондай-ақ Қазақстанның инвес­ти­циялық климатты жақсарту ба­ғытында қолға алып жатқан шара­лары туралы баяндап, екі­жақты экономикалық ынтымақ­тас­тықтың келешегі жайында әңгіме өрбітті. Іс-шараның соңында «Мексика-Қазақстан» парламенттік тобының ресми құрылғаны туралы жария­ланып, оны растау ретінде тараптар Құрылтай актісіне қол қойды. А.Елемесов сондай-ақ Мек­сика Парламенті құрметті қонақ­тарының кітабына естелік жазба қалдырды. «Егемен-ақпарат»