14 Қазан, 2016

Мыңжылдық мерейтой

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
parizh-1Алматы мен Парижді қауыштырды Күні кеше 1000 жылдығын атап өткен Алматы шаһары мерейтой салтанатын Парижде жалғастырды. Ел астанасында өткен мерейтойлық тұсаукесерде Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Геттачу Енгида және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі.  – Өткен жылы Парижде ЮНЕСКО Бас ассамблея­сына мүше 195 елдің бір­ауызды шешімімен Алма­тының 1000 жылдығы ха­лық­аралық мерейтой ті­зіміне енді, – деді Бауыржан Байбек. – Сол кезден бері біз елімізде 200-ден астам мә­дени шара өткіздік. Па­риж­дегі бұл қауышу – қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлі жалғасы деп ұғыңыздар. Өз кезегінде сөз ал­ған ЮНЕСКО Бас дирек­торының орынбасары Гет­тачу Енгида мыңжылдық қаладан келген делегация құрамын шын жүректен құттықтап: – Қазақстан ЮНЕСКО ұйымына мүше болған кезең­нен бастап әрқашанда стра­тегиялық серіктес болып келеді. Бүгінгі салтанат­ты шара сол рухани-мәдени әріптестік пен түсіністіктің жемісі, деді. Париж көшелерінде Алматы­ның айрықша апор­тының жұпар исі аңқы­ды. Жезтаңдай әнші­лері­міз­дің шырқай салған әнде­рі Париж аспанында шалқы­ды. Салтанатқа қала тұрғын­­дарымен бірге, ЮНЕСКО ұйы­мы­на мүше елдер­дің өкілдері, Еу­ро­паны жай­лаған күллі қазақ қауымы диаспорасы қатысты. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»